Мазмұнға өту

Жаңа

"Nur Otan" партиясының аудандық филиалының мәжіліс залында облыстық мәслихат депутаттығына кандидат

"Nur Otan" партиясының аудандық филиалының мәжіліс залында облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Г.Серікова мен Н.Сәрсенбайдың сенімді өкілі Е.Бекмұратов  "Казтрансгазаймақ" ұжымымен кездесті.  Жиында партияның алда атқарылатын жоспарларымен таныстырылып,  алға қойған ауқымды міндеттері жайлы баяндалды. Сайлауалды бағдарламамен танысқан "Казтрансгазаймақ" қызметкерлері алдағы жауапты кезең болып саналатын сайлау науқанында дауыс беруге ұйымшылдықпен қатысатындығын жеткізді.

0
0
120

"Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалында Маңғыстау аудандық маслихат депутаттығына кандидат

"Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалында Маңғыстау аудандық маслихат депутаттығына кандидат Ерманов Талғат Қорғанбайұлы қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауда көтерілген мәселелер:

Ұштаған, Онды ауылдарындағы газ мәселесі, аудандық орталық аурухана қызметкерлерінің сұранысы бойынша екі араға жүретін автобусты ұйымдастыру және  мал азығы, Шетпе-Жыңғылды тас жолын жөндеу жұмыстары жөнінде. Әр мәселенің оң шешімін табуға жұмыстар атқарылатын болады.

0
0
126

Алатау ауданында Үгіт-Насихат жүргізу бойынша жұмыстар жалғасуда.

Алатау ауданында Үгіт-Насихат жүргізу бойынша жұмыстар жалғасуда. Бүгін аудандық филиалда ауданымыздағы Зерделі ықшамауданында орналасқан жеке меншік пәтерлер кооперативі өкілдерінің қатысуымен тұрғындармен кездесу өтті. Бұл кездесуде Алматы қаласы бойынша Маслихат депутаттығына үміткер, көп балалы ана, №169 мектеп лицей директоры Бекенова Г.М., Алматы қаласы бойынша Маслихат депутаттығына үміткер, көп балалы ана, «Аналарға көмек» қорының жетекшісі Бакбергенова Г.А., сонымен қатар бизнес саласының өкілдерінен Алматы қаласы бойынша Маслихат депутаттығына үміткер, сот орындаушы Алдымуратов Т., жас ғалым «Savenergy» ЖШС директоры Нұрлыбаев Р.Е. партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып өтті.
Кездесуде тұрғындар тарапынан өздерінің әл-ауқат жағдайларына, яғни дәрі-дәрмек, азық түлік, коммуналдық төлемдерге қатысты сұрақтар қойылды.

0
0
161

Ж.С.Рыспеков facebook әлеуметтік желісінде онлайн режимде сайлаушылармен агитациялық кездесу өткізді

"NurOtan" партиясынан Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Ж.С.Рыспеков facebook әлеуметтік желісінде онлайн режимде сайлаушылармен агитациялық кездесу өткізіп, сұрақтарға жауап берді.

Тікелей эфир барысында Ж.С.Рыспеков, сайлауалды бағдарламадағы жолдардың сапасын жақсарту, ауыз сумен қамтамасыз ету және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы желісін жөндеу бағыттарындағы алға қойылған міндеттер жөнінде айтты.

«Мен кандидатпын, мен іске асырамын» акциясы бойынша өткен кездесу соңында кандидат, сайлаушыларды "NurOtan" партиясын қолдап дауыс беруге шақырды.

0
0
146

“Nur Otan” партиясы Алатау аудандық филиалында ZOOM платформасы арқылы кездесу.

“Nur Otan” партиясы Алатау аудандық филиалында ZOOM платформасы арқылы Ақ жол" бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесу өтті. Кездесуге Алматы қаласының мәслихат депутаты Қ.Сәрсенбай, маслихат депутаттығына кандидаттар Р. Нұрлыбаев , Н.Тау. А.Шамова және Г Бекенова қатысып өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып өтті.

0
0
143

«Есіктен-есікке» акциясы жалғасуда

Кезекті кездесу «Есіктен есікке» акциясы аясында өткізіліп, Қаскелең қаласы тұрғындарының талап тілегін үміткер Әлия Абсеметова  тыңдап қайтты.  Қала  тұрғындарын алаңдатқан сұрақтары аз емес. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасымен кеңінен таныстырып, алдағы маңызды саяси науқанға атсалысуға шақырды.

0
0
150