Қ.Дүбірбекованың Сәтбаев қаласының кәсіпкерлерімен кездесуі
Бүгін Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Қ.Дубирбекова Сәтбаев қаласының кәсіпкерлерімен ZOOM платформасы арқылы үгіт-насихат кездесуін өткізді. Кандидат партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары туралы айтты.
"Nur Otan" партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында қаланы дамытудың 7 басым бағытын атап көрсетеді. Олардың бірі - экономикалық тұрақты қала. Бұл пандемия кезінде зардап шеккен шағын және орта бизнесті қолдау, шағын және орта бизнестің дамуы аймақ экономикасының өсу резервтерінің бірі болып табылады. Партия неғұрлым зардап шеккен бизнес субъектілерінің қызметін қалпына келтіру үшін ғана емес, сондай-ақ "Атамекен"ҰКП-мен мемлекеттік қолдау мен ынтымақтастықтың қолданыстағы құралдарын белсенді пайдалану арқылы жаңаларын құру үшін де жағдай жасайтын болады.
Кездесу барысында Сәтбаев қаласының тұрғындарын 10 қаңтарда сайлау күні сайлау учаскелеріне келіп, "Nur Otan"партиясына дауыс беруге шақырды.
