Ж.С.Рыспеков facebook әлеуметтік желісінде онлайн режимде сайлаушылармен агитациялық кездесу өткізді
"NurOtan" партиясынан Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Ж.С.Рыспеков facebook әлеуметтік желісінде онлайн режимде сайлаушылармен агитациялық кездесу өткізіп, сұрақтарға жауап берді.
Тікелей эфир барысында Ж.С.Рыспеков, сайлауалды бағдарламадағы жолдардың сапасын жақсарту, ауыз сумен қамтамасыз ету және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы желісін жөндеу бағыттарындағы алға қойылған міндеттер жөнінде айтты.
«Мен кандидатпын, мен іске асырамын» акциясы бойынша өткен кездесу соңында кандидат, сайлаушыларды "NurOtan" партиясын қолдап дауыс беруге шақырды.
