Жаңа
Бүгінгі үгіт-насихат жұмыстарымыздың жоспары бойынша шараларымызды әрі қарай жалғастырдық.
"Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалында Маңғыстау аудандық маслихат депутаттығына кандидат
"Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалында Маңғыстау аудандық маслихат депутаттығына кандидат Ерманов Талғат Қорғанбайұлы қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауда көтерілген мәселелер:
Ұштаған, Онды ауылдарындағы газ мәселесі, аудандық орталық аурухана қызметкерлерінің сұранысы бойынша екі араға жүретін автобусты ұйымдастыру және мал азығы, Шетпе-Жыңғылды тас жолын жөндеу жұмыстары жөнінде. Әр мәселенің оң шешімін табуға жұмыстар атқарылатын болады.
Алатау ауданында Үгіт-Насихат жүргізу бойынша жұмыстар жалғасуда.
Алатау ауданында Үгіт-Насихат жүргізу бойынша жұмыстар жалғасуда. Бүгін аудандық филиалда ауданымыздағы Зерделі ықшамауданында орналасқан жеке меншік пәтерлер кооперативі өкілдерінің қатысуымен тұрғындармен кездесу өтті. Бұл кездесуде Алматы қаласы бойынша Маслихат депутаттығына үміткер, көп балалы ана, №169 мектеп лицей директоры Бекенова Г.М., Алматы қаласы бойынша Маслихат депутаттығына үміткер, көп балалы ана, «Аналарға көмек» қорының жетекшісі Бакбергенова Г.А., сонымен қатар бизнес саласының өкілдерінен Алматы қаласы бойынша Маслихат депутаттығына үміткер, сот орындаушы Алдымуратов Т., жас ғалым «Savenergy» ЖШС директоры Нұрлыбаев Р.Е. партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып өтті. Кездесуде тұрғындар тарапынан өздерінің әл-ауқат жағдайларына, яғни дәрі-дәрмек, азық түлік, ко…
Ж.С.Рыспеков facebook әлеуметтік желісінде онлайн режимде сайлаушылармен агитациялық кездесу өткізді
"NurOtan" партиясынан Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Ж.С.Рыспеков facebook әлеуметтік желісінде онлайн режимде сайлаушылармен агитациялық кездесу өткізіп, сұрақтарға жауап берді.
Тікелей эфир барысында Ж.С.Рыспеков, сайлауалды бағдарламадағы жолдардың сапасын жақсарту, ауыз сумен қамтамасыз ету және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы желісін жөндеу бағыттарындағы алға қойылған міндеттер жөнінде айтты.
«Мен кандидатпын, мен іске асырамын» акциясы бойынша өткен кездесу соңында кандидат, сайлаушыларды "NurOtan" партиясын қолдап дауыс беруге шақырды.
“Nur Otan” партиясы Алатау аудандық филиалында ZOOM платформасы арқылы кездесу.
“Nur Otan” партиясы Алатау аудандық филиалында ZOOM платформасы арқылы Ақ жол" бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесу өтті. Кездесуге Алматы қаласының мәслихат депутаты Қ.Сәрсенбай, маслихат депутаттығына кандидаттар Р. Нұрлыбаев , Н.Тау. А.Шамова және Г Бекенова қатысып өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып өтті.

Соғыс ардагерімен кездесу (канвассинг)
«Есіктен-есікке» акциясы жалғасуда
Кезекті кездесу «Есіктен есікке» акциясы аясында өткізіліп, Қаскелең қаласы тұрғындарының талап тілегін үміткер Әлия Абсеметова тыңдап қайтты. Қала тұрғындарын алаңдатқан сұрақтары аз емес. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасымен кеңінен таныстырып, алдағы маңызды саяси науқанға атсалысуға шақырды.
Бөдене ауылы тұрғындарымен кездесу...
Бөдене ауылы тұрғындарымен кездесу...
Өткен аптада «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалының «Біздің ортақ мақсатымыз – әр тұрғыннның өмір сүру деңгейінің артуы» атты сайлауалды бағдарласын түсіндіру мақсатында тұрғындарымен облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Саламат Идрисов Нұрмұханұлы, Нәсіп Кисметуллақызы Шалабаева, Сағидолла Саламатұлы Құлғалиев және мен барып кездестік.
Кездесу барысында ауыл тұрғындарына «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, жан-жақты пікірлесе алдық.
Партияның мақсаты әрбір қазақстандықтың лайықты өмір сүруіне жағдай жасау.
Сондықтан, әрбір сайлаушымызды 2021 жылғы 10 қаңтарда өз таңдауын жасауға, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын! #НұрОтан #НурОтан #Индер #Маслихат #Мәслихат