Қоғамдық қабылдау...
Қабылдау барысында кандидат "Nur Otan" партиясының алдағы 5 жыл бойынша сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Партия өзінің сайлауалды бағдарламасында ауданды дамытудың 7 басым бағытын анықтағаны жөнінде және ондағы басты мақсат – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үздіксіз жақсарту үшін жағдай жасау екендігін айтты. Кандидат тұрғындарға сайлауалды бағдарламаның «Жұмыспен қамту жол картасы» бөлімі бойынша 3 инфрақұрылымдық жобаларға 780 адамды жұмысқа орналастыру, «Еңбек» бағдарламасымен 2021 жылы 392 адамды қамту, электрондық еңбек биржасы арқылы жұмысқа орналастыру шаралары аясында 1327 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланып отырғанын айтты. Сөзін аяқтай келе, еліміздегі беделді партия - "Nur Оtan" партиясын қолдауға шақырды. Қабылдауға филиал жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі О.Купбергенов қатысты.

