Тұщықұдық бастауыш партия ұйымының сайлаушыларымен кездесу
Кездесуде "Nur Оtan" партиясы Исатай ауданды бойынша алдағы 5 жылдық сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, қойылған сұрақтарына жауап берілді. Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясы ұсынып отырған басты 7 басымдылықтар туралы айтылды. Партияның сайлауалды бағдарламасындағы Тұщықұдық ауылына жасалатын жағдайлар, оның ішінде 2021-2023 жылдары Тұщықұдық, Қамысқала, Жанбай ауылдық округтерін көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге, 2021 жылы Тұщықұдық дәрігерлік амбулаториясын күрделі жөндеу, 2025 жылға қарай 50%-дан 80%-ға дейін педагог-шебер, педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы, педагог-модератор санаты бар ұйымдардағы педагогтардың үлесін арттыру, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларды материалдық көмекпен толықтай қамтуға жәрдемдесуге ықпал ету жоспарланып отырғаны жөнінде айтылды. Сондай-ақ, Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
