Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізілуде...
Кездесуде кандидат Исатай ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, талқылады. Кандитдат сайлауалды бағдарламадағы кәсіпкерлікке қатысты бөлміне тоқталды. Оның ішінде ауыл бизнесін дамыту мақсатында «Бизнес-Аймақ» жобасымен жергілікті бюджет есебінен 39 жобаны несиелендіруге, оның ішінде:2021 жылы 6 жоба- өзін-өзі басқару арқылы көлік жуу орталығын ашу, аяқ-киім жөндеу, мал шаруашылығын дамытуға мал сатып алу және т.б., 2022 жылы 7 жоба -сиыр сүтін өндіретін шағын зауыттың құралдарын сатып алу, жолаушыларға қызмет көрсету кешені, сауда үйі, тоқыма бұйымдарын өндіру цехы және т.б., «Еңбек»мемлекеттік бағдарламасымен қысқа мерзімді кәсіптік оқу курсына 200 адам оқытып, жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған 375-ке жуық азаматтарға стартап жобасына 200 адамға гранттар мен 175 адамға несие алуына ықпал ететіні жөнінде нақты тоқталып айтты. Сонымен қатар, алдағы жылы өтетін сайлауда еліміздегі беделді партия-"Nur Otan" партиясын қолдауға шақырды.
