Ішкі істер министрі Президентке құқық бұзушылыққа төзбеушілік туралы айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады. Ержан Сәденов:елімізде «Заң және тәртіп» қағидатын орнықтыру, кез келген құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік жағдайын қалыптастыру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде есеп берді;ведомство өз қызметі барысында Мемлекет басшысының Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында берген тапсырмаларына сәйкес құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауатын арттыру мәселелеріне баса мән беріп отырғанын баяндады: – соның нәтижесінде жыл басынан бері қылмыс деңгейі төмендеген; – ұрлық, тонау, қарақшылық, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық және көшеде жасалған қылмыстар, кәмелетке толмаған және бұрын сотталған азаматтар істеген қылмыстар айтарлықтай азайған;құқық бұзушылықтың алдын алуға…







