Мазмұнға өту

Жаңа

Үміткерлер Ақжар ауылында

Үміткерлер Ақжар ауылында

«Есіктен - есікке!» акциясы аясында «Nur Otan» партиясы атынан Бәйдібек аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Кенжебаев Бақыт пен Ашрафи Бадир Рахманоглы Ақжар елдімекеніндегі үйлерді аралап, сайлаушылармен кездесті.

Тұрғындармен кездесу барысында үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарына қатысты түсінік беріп өтті. Оған қоса, партияның жетістіктері туралы да айтылды. Тұрғындар тарапынан аталған игі жұмыстар қолдау тауып, шараны ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғыс білдірді.

0
0
144

Үміткерлер Ағыбет ауылында

Үміткерлер Ағыбет ауылында

15 желтоқсанда ,,Nur Otan" партиясынан Бәйдібек аудандық мәслихатына кандидат болып тіркелген бір топ үміткерлер Ағыбет ауылының тұрғындарымен кездесті.

Кездесуде жиналған қауым партияның сайлауалды бағдарламасымен танысып, көпшілікті келе жатқан сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
130

Үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

Үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

"Nur Otan" партиясының сайлауалды үгіт - насихат  науқаны аясында аудандық сайлауалды штабының мүшесі Нұрлыбаева Жанар Сайынқызы Жыңғылды ауылында болып, "Есіктен есікке" акциясын жүргізді.

Акция барысында Жанар Сайынқызы  тұрғындарға "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды.

0
0
182

Айғыз ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өтті

«Nur Otan» партиясы атынан Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатқа үміткер Ермек Сабитов, Аягөз аудандық мәслихатқа ұсынылған кандидат  Нұрланбек Тоқтабаев және Аягөз аудандық сайлауалды штаб төрағасының орынбасары Бақытөмір Шалғынбаев  Аягөз ауданына қарасты Айғыз ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізіп, үгіт - насихат жұмыстарын жүргізді. 

Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының дамудың 7 басымдықтары (экономикалық тұрақты қала, ыңғайлы қала, әлеуметтік қызметке бағдарланған қала, жастарға арналған ала, мәдениеті мен тарихы бар қала, ашық және есеп беретін жергілікті органдар, қауіпсіз қала) туралы үгіт-насихат жүргізді.

Бағдарламаның халық үшін тиімді, экономика мен өңірлердің орнықты дамуы үшін барлық мүмкіндігі бар әл-ауқатты қоғамды бірге құруға бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ, үміткерлер теміржолшылардың сұрақтарына толығымен жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.

27
0
344