Үміткерлер Ақжар ауылында
Үміткерлер Ақжар ауылында
«Есіктен - есікке!» акциясы аясында «Nur Otan» партиясы атынан Бәйдібек аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Кенжебаев Бақыт пен Ашрафи Бадир Рахманоглы Ақжар елдімекеніндегі үйлерді аралап, сайлаушылармен кездесті.
Тұрғындармен кездесу барысында үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарына қатысты түсінік беріп өтті. Оған қоса, партияның жетістіктері туралы да айтылды. Тұрғындар тарапынан аталған игі жұмыстар қолдау тауып, шараны ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғыс білдірді.
