Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Айғыз ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өтті

«Nur Otan» партиясы атынан Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатқа үміткер Ермек Сабитов, Аягөз аудандық мәслихатқа ұсынылған кандидат Нұрланбек Тоқтабаев және Аягөз аудандық сайлауалды штаб төрағасының орынбасары Бақытөмір Шалғынбаев Аягөз ауданына қарасты Айғыз ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізіп, үгіт - насихат жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының дамудың 7 басымдықтары (экономикалық тұрақты қала, ыңғайлы қала, әлеуметтік қызметке бағдарланған қала, жастарға арналған ала, мәдениеті мен тарихы бар қала, ашық және есеп беретін жергілікті органдар, қауіпсіз қала) туралы үгіт-насихат жүргізді.

Бағдарламаның халық үшін тиімді, экономика мен өңірлердің орнықты дамуы үшін барлық мүмкіндігі бар әл-ауқатты қоғамды бірге құруға бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ, үміткерлер теміржолшылардың сұрақтарына толығымен жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.

27
0
299

Осы тақырып бойынша

Айғыз ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өтті - Yvision.kz