Мазмұнға өту

Жаңа

Гүлшара Әбдіқалықованы «ханның қызы» деп атаған әйел ұсталды

«Гүлшара Әбдіқалықованы «ханның қызы» деп атаған қызылордалық әйел ұсталды.

Қызылорда полиция департаментіндегілердің хабарлауынша, қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Ол әйелді нақты не үшін кінәлап жатқанын айтпады. Бұл тергеу құпиясы екен.

2020 жылы Қызылорда облысында сол кездегі әкім Гүлшара Әбдіқалықова ауруханаға кіргенде оған барар жолды жауып тастаған болатын. Осыған ызаланған Тұрлыбекова әкімнен «Сіз ханның қызысыз ба?» деп сұраған еді», – деп жазады PressKz.

0
0
476

Бүгін гүл қымбаттады ма?

undefined

Фото: egemen.kz

Жылда 8 наурыздың алдында гүл қымбаттаушы еді. Өйткені сол күні жұмыстағы қыз-келіншектер құттықталады.

Бүгін қалай болып жатыр екен?

0
0
360

«Мен жәлеппін». Блогер әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады

Блогер әлеуметтік желіде өзін кінәлап жатқан жұртқа ызасын жеткізді.

undefined

«Ағайын, мен жәлеппін. Иә, мен жәлеппін. Кәріс азаматына тұрмысқа шыққаным үшін мен жәлеппін. Кәріс азаматы менен 20 жас үлкен, сол үшін мен жәлеппін. Кішкене көкірегім ашылып қалғаны үшін жәлеппін. Осы инстаграмнан блогер болып кішкене бірдеңе табайын дегенім үшін жәлеппін. Шет елде тұрғаным үшін жәлеппін. Түрім келіспей қалғаны үшін жәлеппін. Тісім қисық, өзімдікі емес. Ол үшін де жәлеппін. Көкірегімде екі баланы емізіп, кіндігіме дейін түсіп кеткен. Сол үшін де жәлеппін», – деді ол видеода.

Бейнежазбаны мына жерден көруге болады.

0
0
396

Еліміздің тас жолдарындағы жағдай туралы айтылды

Еліміздің автожолдарындағы ауа райы туралы мәлімет Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында қалың тұман түседі. Салдарынан автожолдарда көріністің шектелу қаупі бар. Қостанай және Ақмола облыстарында екпіні 15-20 м/с жел соғады деп болжанады. Жамбыл облысының таулы аймақтарында көк тайғақ пайда болу қаупі бар. Құрметті республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар! Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережесін қатаң сақтап, ұзақ жолға шығар алдында ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз. #QAJ

0
0
318

ІІМ зейнеткерлерге үндеу жасады

Полиция ведомствосында ішкі істер органдары зейнеткерлеріне үндеу жасалды. "Құрметті зейнеткерлер! Бүгінгі таңда базалық зейнетақы тағайындауды қайта бастау, 1998 жылдан кейін қызметке қабылданған және 2016 жылға дейін қызметтен босатылған зейнеткерлердің зейнетақысын индекстеу, зейнетақы жинағын алу сияқты маңызды әлеуметтік мәселелер бар екенін білеміз. Бұл мәселелер толық зерделеуді қажет етеді. Мұнымен арнайы жұмыс тобы айналысуда. Оған Ішкі істер министрлігінің өкілдері де кіреді. Бұл сұрақтар бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып, жоспарлы және тұрақты негізде шешілуде. Мәселен, былтыр шілде айынан бастап барлық зейнетақы жинағын тұрғын үй жағдайын жақсарту және ем алу үшін шешіп алуға мүмкіндік берілді. Зейнеткерлердің негізгі бөлігі осы құқықтарын пайдаланып үлгерді. Қазіргі уақы…

0
0
340

Қызылорда облысында кәсіпкерлік нысандарға қатысты 45 қылмыстық іс тоқтатылды

Мемлекет басшысы белгілеген басты және басым бағыттардың бірі отандық бизнесті қорғау болып табылады.Бас прокуратураның бастамасымен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласындағы құқық қолдану практикасына талдау жүргізіліп, оның қорытындысымен бизнестің, оның ішінде қылмыстық-құқықтық саладағы жүйелі проблемалар анықталды.Мұндай мәселелерді шешу прокуратура органдарына жүктелді.Осыған байланысты 2022 жылғы қыркүйекте Бас прокурор барлық төмен тұрған прокурорларға, сондай-ақ елдің құқық қорғау органдары басшыларының атына кәсіпкерлерді заңсыз қудалауға жол бермеу жөнінде нұсқау берді.Нұсқауға сәйкес кәсіпкерлерге одан әрі шағымдану құқығын бере отырып, тиісті тексеру нәтижелері туралы актімен танысу мүмкіндігі берілді.Мұндай тәртіп 2023 жылы облыс кәсіпкерлеріне қатысты қылмыстық істерді т…

0
0
234

Ақмола облысында 420 гектардан астам орман сақталып қалды

Ақмола облысының табиғат қорғау прокуратурасы орман шаруашылықтары мен ұлттық парктердің орманды кесу көлемін негізсіз асыра көп есептеу фактілерін анықтады.

Анықталған заң бұзушылықтарды жою үшін Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының атына прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.

Қарау нәтижесінде 16 орман шаруашылығы мен ұлттық парктер кесуге мәлімдеген 108,9 мың текше метр орманның 46% немесе 50 мың текше метрден астамы алынып тасталды.

Жоғарыда аталған инспекция бөлімінің жауапты басшысы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Осылайша, прокуратураның шараларымен орман қорын 420 гектарға ұтымды пайдалану және сақтау қамтамасыз етілді.

Ақмола облысының прокуратурасы

0
0
225

«Болат Назарбаев болған». Мәдина Ералиеваның ұлы анасының өлімі туралы айтты

Марқұм әнші Мәдина Ералиеваның ұлы Арсен Ералы STAN.KZ Youtube-арнасына сұхбат берді.«Халық біледі, қайтыс болған кезде жанында, көліктің ішінде Болат Назарбаев болды. Сол кісі маған телефон шалды. Ол кісі Байқоңырдың мәйітханасында екен. «Арсен, бұл рас, анаң қайтыс болды. Не істейміз, мәйітті соямыз ба, соймаймыз ба?» деп өзінің нелерін айта бастады. Мен «білмеймін» дедім. Қайдан білемін? 19 жасар баламын. Сосын үйдегі тәтем келді жылап. Үйде адамдар қаптап кетті. Мең-зең болып, білмеймін не істеп, не қойғанымызды. Сондай бір қиын жағдай болды үйде», – деп еске алды Арсен Ералы.Сондай-ақ ол анасы мен Болат Назарбаевтың бірнеше жыл некеде тұрғанын айтты.Айта кетейік, Арсен марқұм режиссер Болат Атабаевтың баласы.Мәдина Ералиева 2000 жылы 27 қарашада өзінің туған өлкесі – Қызылорда облысы…

0
0
453

Діндарлар әйел адамның дін істері басқармасын басқаруына қарсы

Әйелдерге исламда орын бар ма?Молдалар мемлекет ісіне араласты...Мынау шенеунік әйелдің суреті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында (ҚМДБ) жұмыс істейтін молдалар чатында қызу талқыға түсті. Дүмше молдалардың жаман ойынша, Дін істері комитетінің басшылары да еркек болуы тиіс екен. Еркек болғанда да - «Беті Құран көрген, бұты құман көрген» еркек!..Ау, молдафандар, өздеріңе көп алып жатқан жоқсыңдар ма!? Дін істер комитеті - Аида Балаева басқаратын Мәдениет және Ақпарат министрлігіне қарайтын мемлекеттік орган. Бұл орган сендердің мүфтиятыңның, сендердің бас мүфтиіңнің меншігі емес. Сендердің Бас мүфти сайлағандарыңа мемлекеттік шенеуніктер араласып жатқан жоқ қой. ҚМДБ Жарғысына сай болмаса да, Құранды қате оқитын, арабшасы нашар адамды Бас мүфти қылып алдыңдар. Ақорда жақтан «мынау б…

0
0
264

Терешкованы туған күнімен ғарыштан құттықтады

Тұңғыш ғарышкер әйел Валентина Терешкованың жасы 90-ға таяп қалыпты.

Ғарышкерлер Халықаралық ғарыш станциясынан әлемдегі тұңғыш ғарышкер әйел, Кеңес Одағының батыры Валентина Терешкованы 87 жасқа толуымен құттықтады деп хабарлайды ТАСС тілшісі. «Роскосмос» ғарышкерлер жасағының командирі – Олег Кононенко.

Валентина Терешкова 1937 жылы 6 наурызда Ресейдегі Ярославль облысының Большое Масленникова ауылыда дүниеге келген. Ол жас кезінде дөңгелек зауытында және техникалық маталар комбинатында істепті. Бір күні парашют спортына қызығушылық білдіреді де, содан тағдыры өзгереді. Ол 1963 жылы ғарышқа ұшқан.

0
0
364