Мазмұнға өту

Жаңа

Сақинасы шықпай қалған

Сақина жас қыздың саусағын қатты қысып жіберді. Саусақ ісіне бастады, қыз құтқарушыларды шақырды.
undefined

Жамбыл облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қысқа уақыт ішінде Слесарлық құралдың көмегімен қызды жарақаттамай сақинаны шешіп алды.
https://t.me/qr_tjm

0
0
340

Атырау облысында бір аптадан бері қамыс өртеніп жатыр

Атырау облысында бір аптадан бері қамыс өртеніп жатыр. От 2500 гектар жерді шарпыған.
undefined
Өрттің шығу себебі анықталған жоқ. Бір апта ішінде қызыл жалын шамамен 2500 гектар аумақты шарпыған.
Қазіргі ақпарат бойынша, жалпы ауданы 148 гектар аумақ жанып жатыр.
Өртті сөндіруге 60-қа жуық маман жұмылдырылған. Елдімекендерге қауіп жоқ.

https://t.me/qazaqstantv

0
0
375

Газада аспаннан тасталған гуманитарлық көмектен адамдар өлді

Газа секторында жәрдем күтіп отырған палестиналықтар ұшақтан тасталған гуманитарлық көмектен қаза тапты.

undefined

Фото: REUTERS

Жәшіктер адамдардың үстіне қатты келіп құлаған. Алдын ала мәлімет бойынша, соның салдарынан бес адам өліп, бірнеше тұрғын жараланыпты.   

Соңғы күндері Мысыр, Біріккен Араб Әмірліктері, Қатар, Оман және Бахрейн Газаға бірлесіп гуманитарлық көмек жеткізуде.

Жалпы, палестиналықтарға аспаннан тасталған көмекті алу оңай емес. Өйткені олардың біразы теңізге түсіп кететін. Ал адамдардың кейбірі соны алу үшін қайықпен жүзіп барады.

0
0
377

Қарағандыда көлік жүргізіп келе жатып инсульт алып қалған жүргізуші құтқарылды

Қарағандыда тәртіп сақшылары инсульт алып, есінен танып қалған жүргізушіні құтқарды.8 наурыз күні патрульдік инспекторлар Ақжаркен Мұқажан мен Берік Кеңесовке бір автокөлік тоқтап, жүргізушісі бірінші ықшамаудандағы бір қиылыста төтенше жағдай орын алғанын хабарлаған. "Оқиға болған жерге келгенімізде қиылыста жол шетіндегі бордюрға шығып кеткен көлікті көрдік. Машина от алып тұрды және ол бордюрға шығып кеткендіктен бір дөңгелегі айналып тұрды. Көліктің барлық есігі бұғатталып қалған екен. Мен көліктің алдыңғы жолаушы отыратын терезесін сындырып ішке кірдім. Әріптесім екеуіміз оны сыртқа шығардық. Жүргізушінің денесі құрысып, тілін жұтып қоятындай болып жатты. Біз оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, демала бастағанда қызметтік көлікке салып ауруханаға жеткіздік,- деді Ақжаркен М…

0
0
377

Арман Қырықбаев жаңа қызметке тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.Фото: egemen.kzОл соңғы жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары болды.Арман Қырықбаев 1976 жылы 20 қазанда Целиноград (қазіргі Астана) қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық Академиясының түлегі болып табылады. Мамандығы бойынша халықаралық экономист. Мемлекеттік қызметте, мәдениет және жастар саясаты саласында 28 жылдан астам жалпы еңбек өтілі бар.Еңбек жолын 1996 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің референті, атташесі болып бастаған. 1997-1999 жылдары - Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы елшілігі…

0
0
490

Ресейде қазақстандықтар лаңкестік әрекет жасау кезінде қаза тапқан

БАҚ-та Ресей Федерациясында Қазақстанның екі азаматының террорлық акті жасауды ұйымдастыруға әрекеті кезінде Ресейдің күштік құрылымдарымен көзі жойылғаны туралы ақпарат жарияланды.

Бұл адамдардың Қазақстандық азаматтығы және Ресейге шыққандығы расталады.

Көрсетілген факті бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

Тексеріс ынтымақтастық арнасы аясында Ресей ФҚҚ-мен тығыз байланыста жүзеге асырылуда.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.

ҰҚК баспасөз қызметі

0
0
294

Брейкинг бойынша қазақстандық бишілер жеңімпаз атанды

Парижде брейкинг бойынша чемпионатта қазақстандық бишілер жеңімпаз атанды.

undefined

Құрамына Dias (Диас Әубәкіров), Amir (Әмір Закиров) сияқты b-boys кіретін Predatorz командасы Парижде 22 ақпан мен 2 наурыз аралығында өткен атақты Hip Opsession чемпионатында жеңімпаз атанды.  

Бқл – ірі жеңіс. Қиындықтарды айтпай-ақ қояйық. Алда ірі чемпионаттар көп. Енді тоқтамау керек. Әлі де жеңу керек», – деді Dias.

0
0
478

Еліміздегі білім беру саласында жарты миллионға жуық нәзік жан жұмыс істейді

Еліміздің білім беру ұйымдарында 469 533 әйел педагог еңбек етеді. 

Оқу-ағарту министрлігі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы мәліметінше, бүгінде еліміздің білім беру ұйымдарында 469 533 әйел педагог жұмыс істейді. 

Оның 28 340-ы колледж, 324 596-і мектептерде, 98 434-сы мектепке дейінгі ұйымдарда еңбек етіп жүр. 

/kaz.inform.kz

0
0
443

Астанада өрттен 4 адам құтқарылды

Елордалық өрт сөндірушілер төрт адамды құтқарды.

7 наурыз күні сағат 11:12-де елордалық ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Конституция көшесі, 22 мекен-жайына алты қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерде шыққан өртті сөндіруге шықты.
Өртті сөндіру барысында елордалық өрт сөндірушілердің күшімен 4 адам, оның ішінде екі бала құтқарылды. Өрт 11:26-да оқшауланып, 12.07-де сөндірілді. Астана ТЖД жеке құрамының 27 адамы және 7 техникасы жұмылдырылды.

t.me/qr_tjm

0
0
519

Алек Болдуиннің түсірілім кезінде кісі өлтіруіне реквизитор кінәлі болып шықты

Америкалық актер әрі продюсер Алек Болдуин өзінің «Тот» фильмінің түсірілімі кезінде операторды атып өлтірген болатын.

undefined

Енді осыған реквизитор Ханна Гутьеррес-Рид кінәлі деп танылды.

2021 жылы қазан айында фильмнің продюсері әрі басты рөлде ойнаған Болдуин украиналық оператор Галина Хатчинсті абайсызда атып өлтірген болатын. Әрине, ол кезде актер қарудың шынымен оқталып тұрғанын білген жоқ. Ал оны солай оқтап берген реквизитор екен.

Алек Болдуиннің өзі де абайсызда кісі өлтірді деген айыппен сотталайын деп жатыр. Бірақ енді оның қорғануға мүмкіндігі бар.

«Тот» фильмінің түсірілімі оператордың өлімінен кейін тоқтатылды. Бірақ былтыр түсіру тобы оны марқұм Галина Хатчинстың құрметіне арнап қайта түсіре бастады. Ал атқарушы продюсер ретінде оның күйеуі Мэтью Хатчинсті шақырған.    

0
0
458