Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

“Есіктен есікке” акциясы Қарабұлақ елді мекенінде.

Өңірімізде «Nur Otan» партиясынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Жүсіп Ғабит Елбергенұлы Қарабұлақ ауылы тұрғындарымен кездесіп қайтты. Ондағы мақсат – ауыл халқына «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттап, алдағы 5 жылда жүзеге асатын жоба-жоспарларды түсіндіру болатын. Мемлекеттің әлеуметтік саясатын күшейту мен экономикалық әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын ерекше атап өтті.

Акция аясында ауыл тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі көзделген мақсаттарды атап өтіп, 10 қаңтар күні «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. Тұрғындарға партияның үгіт насихаттық парақшалары таратылып, ауыл азаматтарының талап тілектерін тыңдады.

#NUR_OTAN

#NUR_Otan-ға дауыс бер

#Біз_біргеміз

Осы тақырып бойынша

“Есіктен есікке” акциясы Қарабұлақ елді мекенінде. - Yvision.kz