«NUR OTAN» партиясының кандидаттары Торайғыров университетінің студенттерімен кездесті
«NUR OTAN» партиясының кандидаттары Санира Жусупова мен Қымбат Матай Торайғыров университетінің студенттерімен және оқытушыларымен кездесті. Алдымен кандидаттар туралы аздап айтайық. Қымбат Матай – логопед, кәдімгі жалпы білім беретін мектепте жұмыс істейді, әрқашан ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын қорғайды. Санира Жусупова – «Jas Otan» жастар қанатының лидері және жас ана. Торайғыров университетінде өткен кездесуде Санира Жусупова мен Қымбат Матай студенттермен және оқытушылармен партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары, жастарды қолдау шаралары, білім беру, денсаулық сақтау сапасын жақсарту және барлық павлодарлықтар үшін тең мүмкіндіктер жасау жайында әңгімелесті. Бүгінде білім берудің барлық деңгейінде сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету – «NUR OTAN» партиясының басты міндеттерінің бірі. Алдағы жылдары мектептердің, колледждер мен жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға баса назар аударылатын болады. Сонымен қатар, «NUR OTAN» партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес 2025 жылға қарай студенттердің шәкіртақысы екі есеге, магистранттар мен докторанттарға бір жарым есеге артады. Қолжетімді орта құруға келетін болсақ, партия мүшелері ерекше қажеттіліктері бар балалар мен ересектер қажетті көмекті тегін ала алатын оңалту орталықтарының санын арттыруды көздеп отыр. Ерекше қажеттіліктері бар павлодарлықтар кресло-коляскалармен, протездермен және тифлотехникалық құралдармен уақтылы қамтамасыз етілетін болады. Мектептер мен жоғары оқу орындарында қолжетімді орта құру аясында партия мүшелері есік ойықтары мен санитарлық тораптарды қайта жаңғыртуды, пандустар мен арнайы көтергіштер орнатуды талап ететін болады. - Бүгін біз мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында кедергісіз орта құру туралы айтып отырмыз, - деп атап өтті Қымбат Матай өз сөзінде.
Кандидаты от партии «NUR OTAN» Санира Жусупова и Кымбат Матай встретились со студентами и преподавателями Торайгыров университета.
Для начала расскажем немного о самих кандидатах. Кымбат Матай – логопед, работает в обычной общеобразовательной школе, всегда отстаивает права людей с особыми потребностями. Санира Жусупова – лидер молодёжного крыла «Jas Otan» и молодая мама.
На встрече, проходившей в стенах Торайгыров университета, Санира Жусупова и Кымбат Матай обсудили со студентами и преподавателями ключевые направления предвыборной программы партии, меры поддержки молодежи, улучшение качества образования, здравоохранения и создание равных возможностей для всех павлодарцев.
Сегодня обеспечение доступа к качественному образованию на всех его уровнях – одна из главных задач партии «NUR OTAN». В ближайшие годы акцент будет сделан на укреплении материально-технической базы школ, колледжей и вузов.
Кроме того, согласно предвыборной программе партии «NUR OTAN», к 2025 году стипендии студентам увеличат в два раза, магистрантам и докторантам – в полтора раза. Что касается создания доступной среды, партийцы намерены добиваться увеличения числа реабилитационных центров, где дети и взрослые с особыми потребностями смогут бесплатно получать необходимую помощь. Павлодарцы с особыми потребностями будут своевременно обеспечены кресло-колясками, протезами и тифлотехническими средствами. В рамках создания доступной среды в школах и вузах, партийцы будут добиваться проведения реконструкции дверных проемов и санузлов, установки пандусов и специальных подъемников. - Сегодня мы говорим о создании безбарьерной среды в школах, колледжах и вузах, - подчеркнула в своем выступлении Кымбат Матай.
