Мазмұнға өту

Жаңа

Жетісу облысында ірі көлемде киік мүйізін алып өтпек болғандар ұсталды

Киік мүйізінің ірі партиясы ұсталды.
undefined
ҰҚК Жетісу облысы бойынша Шекара қызметі департаменті полиция органдарымен бірлесе шекара аумағында жабайы жануарлардың дериваттарын заңсыз іске асыруы күдігі бойынша Қазақстанның үш азаматын ұстады.
Тінту барысында олардан 1382 дана киік мүйізі алынды.
Орман шаруашылық және жануарлар әлемі облыстық инспекциясының мәліметі бойынша ұсталған адамдардан мемлекетке келтірілген залал 3,5 млрд. теңгеден артық бағалануда.
Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.

ҰҚК баспасөз қызметі

0
0
230

Ильхам Әлиев Қазақстанмен қарым-қатынастың маңыздылығын атап өтті

Әзербайжан Президенті Жоғары мемлекетаралық кеңестің алғашқы отырысының тарихи мәніне тоқталды. Оның пікірінше, Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары мен Мемлекетаралық кеңес отырысының қорытындысы екі ел қарым-қатынасының алдағы күн тәртібін айқындайды. "Қазақстан мен Әзербайжан – бауырлас мемлекеттер. Халықтарымыз ғасырлар бойы тату, бауырлас ел ретінде ынтымақтастықта өмір сүріп келеді. Соңғы кездері біздің бір-бірімізге жасаған сапарымыздың жиіледі. Осыдан-ақ өзара қатынастардың қарқыны қаншалықты күшейе түскені айқын көрінеді. Біз Қазақстанның әр табысына қуанамыз. Сізді және бүкіл бауырлас Қазақстан халқын әлеуметтік-экономикалық және инновациялық даму жолындағы керемет жетістіктерімен құттықтағым келеді. Сонымен қатар біз екі елге ортақ жобалар туралы әңгімелестік. Мен Қарабақты қалпына ке…

0
0
355

Бишімбев әйелін жалаңаш видеоға түсуге мүжбүрлеген

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы жалаңаш видеоға түсугі мәжбүрлеген. Бұл туралы бүгінгі сот барысында прокурор мәлімдеді.

«2023 жылғы сәуірде Бишімбаев Нүкенованың туыстарында оның беті көгергенін көрстететін фотосурет бар екенін білген. Өзін осы суретпен бопсалауы мүмкін деп ойлаған ол Нүкенованың жалаңаш видеоға түсуін талап етеді. Соны өзіне кепіл қылғысы келеді. Бишімбаевтан қатты қорыққан Нүкенова осы талапты орындауға мәжбүр болған», – деді мемлекеттік айыптаушы.  

0
0
321

Тоқаев Әзербайжанда жүр

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президентінің «Загульба» резиденциясына келді.

Резиденцияда Қазақстан Президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Әзербайжанның мемлекеттік әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Салтанатты рәсімнен кейін екі ел басшылары келіссөз залына өтті. t.me/aqorda_resmi

0
0
242

Бишімбаевты сот залына алып келді

Фото: tengrinews.kz-

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты Астанадағы сот залына алып келді. Бүгін алдын ала тыңдау болады.

Бұл іс бойына судья Айжан Көлбаева. Ол бұрын да атышулы істерді қараған.

Бүгін прокурор оған тағылған айыптар бойынша баптарды айтады.

0
0
298

Қостанайлық жасөспірім сүйіктісімен ұрсысып, Астанаға аттанған

"Қызымен ұрысып қалған". Қостанай облысында полицейлер жасөспірімді ата-анасына қайтарып берді.

10 наурызда 16 жасар қостанайлық ата-анасына досының үйіне түнеуге барғанын айтты. Кешкі сағат 10 шамасында ватсапп арқылы ол өзінің сүйіктісімен татуласу үшін Астанаға бара жатқанын жазған.
Алаңдаған ата-анасы бірден полицияға қоңырау шалды. Қостанай облысы ПД кезекшісі "Қостанай - Әулиекөл - Сұрған" автожолында мобильді пост қою туралы шешім қабылдады.
Октябрь ауылының жанында Әулиекөл ауданының патрульдік полицейлері Альфард автокөлігін тоқтатты. Оның салонында 16 жасар жігіт болды.

Полиция жасөспірімді ата-анасына аман-есен қайтарып берді.

0
0
223

Былтыр гүлге ақша төлемей қойған жігіт енді біреудің телефонын тартып алды

undefined

Былтыр флористі қайшымен қорқытқан экс-полицей бейтаныс әйелдің телефонын тартып алды.
Масаң күйде отырған экс-полицей бұл жолы бейтаныс әйелдің телефонын тартып алған.
Осындай дөрекілігімен көзге түскен ол бұл жолы да жазаға тартылған жоқ.

0
0
292

Салық органының қызметкері бірнеше интернет-алаяқтық жасаған

Қосшы қаласында салық органының қызметкері қарапайым азаматтарды декларация тапсыру қажеттігін сылтаулатып шақырып, олардың жеке және биометриялық (адамның бет-әлпетін сәйкестендіру) деректерін өзінің ұялы телефонына түсіріп, онлайн түрінде жәбірленушілерге микро-несиелер рәсімдеп өзінің шоттарына аударған.

Прокуратураның нұсқауларын орындау барысында алаяқ анықталып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабымен (алаяқтық) қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Сондықтан, облыс прокуратурасы азаматтарды барлық ақпараттарды жан-жақты тексеріп, бейтаныс адамдардың онлайн режимінде түрлі қаржылық операцияларын жүргізу туралы ұсыныстарына сыни тұрғыда қарау қажет.

Ақмола облысының прокуратурасы

0
0
286

Ақтөбе облысында 11 балықшы құтқарылды

undefined

Бүгін Ақтөбе облысының Қарғалы ауданы Желтау а/о аумағында Қарғалы су қоймасының маңында 3 балықшылар көлігі қар құрсауында қалғаны туралы хабар келіп түсті. Боран және нашар көрінуге байланысты көмекке жүгінді.

03-30-да құтқарушылардың күшімен 3 жеңіл автокөліктен 11 адам эвакуацияланды. Медициналық көмек қажет болған жоқ.
t.me/qr_tjm

0
0
289

Президент оразаның басталуымен құттықтады

Хижра бойынша бүгін Рамазан айы басталды. Осыған орай Мемлекет басшысы халықты құттықтады.Фото: sputnik.kzҚымбатты отандастар!Сіздерді Рамазан айының басталуымен құттықтаймын!Халқымыз үшін Қасиетті оразаның мән-маңызы айрықша.Бұл – қоғамда имандылық, адалдық, жанашырлық, мейірімділік сияқты мызғымас құндылықтарға барынша мән берілетін кезең. Бүкіл мұсылман қауымының ынтымағы артып, бір-біріне бауырмалдығы айқын көрінетін мезгіл.Ораза айы рухани тазаруға, мұқтаж жандарға көмек қолын созып, қайырымдылық жасауға үндейді. Сол арқылы барша адамзаттың береке-бірлігі нығая түсуіне ықпал етеді.Дін мен дәстүр сабақтастығын берік ұстанатын ел татулығын, тұрақтылығы мен тыныштығын сақтап, кез келген сын-қатерден сүрінбей өте алады. Мен Қазақстан халқының әрдайым рухани үндестікте өмір сүріп, болашақ…

0
0
220