Бишімбев әйелін жалаңаш видеоға түсуге мүжбүрлеген
Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы жалаңаш видеоға түсугі мәжбүрлеген. Бұл туралы бүгінгі сот барысында прокурор мәлімдеді.
«2023 жылғы сәуірде Бишімбаев Нүкенованың туыстарында оның беті көгергенін көрстететін фотосурет бар екенін білген. Өзін осы суретпен бопсалауы мүмкін деп ойлаған ол Нүкенованың жалаңаш видеоға түсуін талап етеді. Соны өзіне кепіл қылғысы келеді. Бишімбаевтан қатты қорыққан Нүкенова осы талапты орындауға мәжбүр болған», – деді мемлекеттік айыптаушы.
