«Nur Otan» партиясының бастамасымен жүзеге асып жатқан
Мұсабек ауылдық округінде тағы бір мәрте жалғасын тапты. Сайлауалды үгіт-насихат жұмысы аясында партия атынан облыс пен аудан мәслихаты депутаттығына үміткерлер тұрғын үйлерді аралап, сайлаушылармен кездесті. «Есіктен – есікке» акциясы үміткерлердің сайлаушылармен еркін форматта жүздесіп, партия бағдарламасын кеңінен түсіндіруге мүмкіндік береді. Кездесуде пандемияның орын алғанына қарамастан, «Nur Otan» партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етіп, жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін бар күшін салатыны жайында айтылды. Бағдарламада алдағы 5 жылда Көксу ауданында атқарылуы қажет жұмыстар толық көрініс тапқан. Оның ішінде өзгерістер жолында әр азаматқа лайықты өмір салтын қалыптастырудағы басымдықтарға айрықша мән берілді. Білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған…

