Жаңа
Үгіт-насихат жұмыстары.
“NurOtan”партиясының қоғамдық штаб мүшелері ,аудандық маслихат депутаттығына үміткер Марқабаев Серік,Айнабеков Елдос,Сырымұлы Жігер технологиялық колледж ұжымын партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып,сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді.
Үгіт-насихат жұмыстары Асан ауылы
Ф.Мухаметқалиев аудандық сайлауалды қоғамдық штабтың қоғамдық қабылдау бөлмесінде қабылдау өткізді.
Аудандық мәслихатқа депутаттыққа үміткер Ф.Мухаметқалиев аудандық сайлауалды қоғамдық штабтың қоғамдық қабылдау бөлмесінде қабылдау өткізді. Қабылдау барысында, тұрғын үй мәселесі қаралды.
Тең мүмкіндіктер жасалады
Бөрлі ауылы тұрғындарымен кездесу
Республикалық сайлауалды штаб мүшелері Имашева Снежанна мен Анвар Агаев облыстық сайлауалды штаб мүшесі Идиятов Сержан Бөрлі ауылы тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында ҚР Парламент Мәжілісіне кандидат Имашева Снежанна "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіруден бұрын ел тәуелсіздігінің бүгінгі күнге дейінгі жетістіктерін тілге тиек етті. Сөз барысында елдегі білім саласында жасалған жағдайлар туралы айта келіп, аталмыш саланың бұдан әрі де мәселен мұғалім мәртебесінің және жалақысының көтерілуі, мектептердің материалдық базалары да нығая беретіндігін жеткізді. Елдегі пандемия кезінде мұғалімдер қашықтан болса да тынбай еңбек етіп, білім беруді жалғастырса, медицина мамандары қиын кезде алғы шепте жүріп, елге басты жағдай жасады. Сондықтан да медицина мамандарына да жақсы жағдайлар жасалатындыығын айтып, халыққа қызмет көрсетуде алдағы уақытта денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартатын боламыз. Сонымен қатар елдің болашағы жастардың жағдайының жақсаратындығын, шәкіртақылардың көбейетіндігі, олардың тұрғын-үй мәселесі бойынша жатақхана, мемлекеттік гранттардың екі есе өсетіндігін айтты. Сөз соңында бәріміз халық бірлігіне, елдің өркендеуі мен үлес қосуымыз керек. Сондықтан бір ауыздан жетекші партияны қолдап, дауыс беруге шақырыамын деді.

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Анвар Агаев 2020-2021 жылдары Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдарын қайта құру, елді мекендерді абаттандыру бойынша 174 жобаны іске асырып, 8 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарлануда екендігін айтса, облыстық сайлауалды штаб мүшесі, Теректі аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Идиятов Сержан облыс бойынша барлық тұрғындар үшін өздерін қауіпсіз сезінетін аймаққа айналуы тиіс. сол ретте «Nur Otan» партиясы құқық қорғау органдары қызметінің тиімділігін арттырып, бейнебақылау, көшелерді жарықтандыру жүйесін дамытатын болады деді.
Сөз соңында бәріміз халық бірлігіне, елдің өркендеуі мен үлес қосуымыз керек. Сондықтан бір ауыздан жетекші партияны қолдап, дауыс беруге шақырыамын деді.
сайлауалды қоғамдық штабтың қоғамдық қабылдау бөлмесінде қабылдау өткізді.
Облыстық мәслихатқа депутаттыққа үміткер А.Ахметсәлімқызы аудандық сайлауалды қоғамдық штабтың қоғамдық қабылдау бөлмесінде қабылдау өткізді. Қабылдау барысында, тұрғын үй мәселесі және заңсыз шешім туралы мәселелер көтерілді.
Білім саласы қызметкерлерімен үгіт-насихат жүргізу бойынша кездесу.
Әлеуметтік сала Nur Otan партиясы Сәтбаев қалалық филиалы өзінің сайлауалды бағдарламасында ерекше басымдық беріліп отырған бағыттардың бірі. Партия тұрақты экономикалық-әлеуметтік дамуының көрсеткіші ретінде азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуды көздейді. Ол үшін білім беру, денсаулық сақтау салаларындағы сапалы қызметке қол жеткізуді жүйелі жүзеге асыру қажет. Саяси науқандаПартиялық гіт-насихат жұмыстары қаламыздағы білім беру орындарында жалғасын табуда. Қалалық штаб мүшелері іргелі оқу орны – С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназия ұжымымен кездесті.
– Құрметті сайлаушылар! 10 қаңтарда еліміздегі маңызды сайлау өтетінін білесіздер. Nur Otan партиясы әрдайым әлеуметтік салаға, оның ішінде білім саласына ерекше көңіл бөліп келеді. Материалдық-техникалық базаны нығайта отырып сапалы білім беруге ұмтылу кемел келешекке жол бастайды. Партия өзінің сайлауалды бағдарламасында білім сапасын жақсартуға барынша қолдау көрсететін болады. Қазіргі таңда апатты жағдайдағы білім орындары, үш ауысымды мектептер жоқ. Пандемия білім беру тәсілін өзгертті. Сондықтан жаңа талаптарды ескере отырып, қашықтан оқыту форматына байланысты оқытушыларды даярлау қажет. Педагогикалық шеберлік курстарынан өткізу арқылы педагогтардың біліктілігін арттыру, мектептерді лингафондық және робототехника кабинеттерімен толық қамтуымыз керек. Біздің партия сапалы білімді қолдайды. Сондықтан дұрыс таңдау жасайды деп сенеміз, – деді қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Қайрат Смайлов.
Штаб өкілдері сайлауалды бағдарламада көрсетілген бағыттарды толық түсіндіріп, саяси додада Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырды.
Е.Қабықаев әрбір үйді аралап үгіт- насихат жұмыстарын жүргізуде.
Сенімді өкілдер мен аудандық мәслихатқа депутаттыққа үміткер Е.Қабықаев әрбір үйді аралап үгіт- насихат жұмыстарын жүргізуде.
Қос ауыл сенім білдірді
«Nur Otan» партиясынан Екібастұз қалалық мәслихаты депутаттығына үміткерлер Нияз Макраев, Манат Алғамбаров және Бөгенбай Татаев бүгін Ақкөл мен Зеленая роща ауылдарында болып, сайлаушылармен кездесу өткізді.
Кездесуде «Nur Otan» партиясы Екібастұз филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нияз Құдайбергенұлы партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, қаланы дамытудың 7 басым бағыты жайлы әңгімеледі. Келесі кезекте сөз алған Манат Алғамбаров қалалық мәслихат депутаты ретінде тындырған істері жайлы баяндап берді. Соның бірі – Зеленая роща ауылында жаңа мектептің салынуына ықпал еткендігі. Сонымен қатар, Манат Қажыбекұлы Екібастұз өңірінде халықты орталықтандырылған сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағдарламасының табысты орындалып жатқанын, оған «Nur Otan» партиясының септігі тигенін айтты. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші шаруа қожалықтарына да мемлекеттік қолдау жылдан жылға жақсарып келеді. Мал санын көбейту үшін берік жемшөп қоры қажет. Осы орайда, алдағы жылы көлтабанды шабындықтарға каналдан су жіберілмеу қаупі төнген-ді. Өйткені, 2021 жылғы республикалық бюджетте бұл мақсатқа қаржы бөлінбепті. Атқарушы билік пен депутаттар мәселеге араласып, соның нәтижесінде алдағы көктемде 50 миллион текше метр су босатылатын болды. «Бұл – көп емес, бірақ жоқтан жақсы» деген үміткер Манат Қажыбекұлы келесі жылы бюджет нақтыланғанда қосымша қаржы бөлу мәселесі тағы көтерілетінін айтып өтті. Ауыл халқын тек шаруашылық-экономикалық мәселелер ғана емес, руханият мәселесі де толғандырады. Осы тарапта әңгіме қозғаған Манат Алғамбаров Қылдыкөлдегі Исабек ишан тарихи-мәдени кешеніне биыл жаз жоғары кернеулі электр желісі тартылғанын қоштап, енді Екібастұз – Ақкөл арасында асфальт жол салу мәселесі шешілгенін, сондай-ақ музей мен қонақ үй салу жаспарланғанын жеткізді. Осы игілікті іске қайтадан құрылған Исабек ишан атындағы қайырымдылық қоры да мұрындық болып, атқарушы билікпен бірге жұмыла қимылдамақшы.
Жергілікті мәслихат депутаттығына үміткер Бөгенбай Татаев партияның жастар саясаты турасында әңгімеледі.
Ақкөлдегі кездесуде жұрт атынан ауыл тұрғыны Қабылқайыр Райымқұлов, Зеленая рощада қария Мұқтан Көшербаев пен мешіт имамы Құдайберген Мақымов сөз сөйлеп, «Nur Otan» партиясына сенім білдіріп, үміткерлерді қолдайтындықтарын айтып, ақжол тіледі.
Ж. Жәлелұлы