Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер еңбек ардагерлерінің үйінде болды.
Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Қ.Сүйеуғалиев, Н.Меңдешов және М.Амантаев еңбек ардагерлері, ауыл ақсақалдары Жауғашты Өтеғалиев пен Шайжан Мусағалиевтың үйлерінде болып, аман-саулық сұрасып, алдағы саяси науқанға байланысты «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Ардагер ағаларымыз өз сөздерінде ел тірлігінің шүкіршілігін айтып, партия бағдарламасын қолдайтындықтарын жеткізіп, үміткерлерге сәттілік тілеп баталарын берді.
