«Nur Otan» партиясының Келес ауданы бойынша Сайлауалды бағдарламасынан
2. ЖАЙЛЫ АУДАН
«Nur Otan» партиясы біздің ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайды. Осы бағытта «Ауыл – ел бесігі» және «Құтты мекен» партиялық жобаларын іске асыру жалғастырылады.
Нәтижесінде аудан тұрғындары таза ауыз суға, табиғи газға, сапалы жолдарға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізеді.
Өмір сүру сапасын арттырамыз
Мемлекет белсенді түрде әрбір отбасына тұрғын үйге қолжетімді болуын қолдайды.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:
кезекте тұрған 9331 азаматтардың, оның ішінде 2044 азаматтарға 2021 жылы жер учаскелерін беруге;
Абай және Қошқарата ауылдық округінен 1 қабатты 4 отбасы тұруға арналған тұрғын үйлердің құрылысына;
аудандағы 15 полигондарды экологиялық талаптарға сәйкестендіруге;
елді мекендерде сұрыптап 300 қоқыс жинау контейнерлерін орнатуға;
қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесін 28%-ға дейін ұлғайтуға ықпал етеді.
Нәтижесінде 2025 жылы халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету деңгейі бір адамға шаққанда 15,5 м2 жетеді.
Таза ауыз сумен қамтамасыз етеміз
Қазіргі таңда Келес ауданында 48 елді мекен таза ауыз сумен қамтамасыз етілген (елді мекенге шаққанда 60,7%, халық санына шаққанда 69,9%). Су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 1093,9 шақырымды құрайды.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы қамтамасыз етеді:
2021 жылы 7 елді мекенді (Жамбыл а/о: Бекбота, Ащыкөл, Қалғансыр елді мекендері, Ақтөбе а/о: Бозсу елді мекені, Біртілек а/о: Біртілек, Амангелді елді мекендері және Бірлік а/о: Бірлік елді мекені);
2022 жылы 3 елді мекенді (Алпамыс батыр а/о: Ақжол, Қауыншы елді мекендері, Бозай а/о: Бозай елді мекені);
2023 жылы 3 елді мекенді (Ақтөбе а/о: Ынтымақ елді мекені, Жамбыл а/о: Майдабозай е/м, Жүзімдік а/о: Оңтүстік е/м);
2024 жылы 8 елді мекенді (Ақтөбе а/о: Жуантөбе, М.Горький, Жаңадәуір, Көгерту, Ақжар, Қаратөбе, Ғ.Мұратбаев, Қияжол);
2025 жылы 7 елді мекенді (Ақтөбе а/о: Құйған, Ескіқорған, Бірлік а/о: Коммунизм, Құрөзек, Қосөткел, Жамбыл а/о: Байғабыл, Жүзімдік а/о: Ақсу).
Ұшқын ауылдық округі, Ұшқын елді мекенінде ауыз су ұңғымасын қайта қазуға және құбырларын жаңартуға;
Нәтижесінде аудан тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 95,2%-ға жетеді.
Табиғи газбен қамтамасыз етеміз
Ауданның 83 елді мекенінен 38 елді мекен табиғи газбен қамтылған (елді мекенге шаққанда 47,5%, халық санына шаққанда 71,2%). Болашақта 13 елді мекенді немесе 63,7% табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Бұл үшін «Nur Otan»партиясы:
2021 жылға дейін «Абай» АГРС құрылыс-монтаж жұмыстарының құрылысын салуды қамтамасыз етуге;
2022 жылы 19 елді мекеннің (Қошқарата а/о: Алғабас, Аманжар, Байтерек, Бесаулы, Жамбыл-1, Жамбыл-2, Жаңақоныс, Қарабура, Мақташы, Бірлік а/о: Бірлік, Жаңатіршілік, Қосөткел, Үшағаш, Ошақты а/о: Атақоныс, Бақшысай, Жиделі, Қаратал, Саттаров, Ынтал) құрылысын салуға;
2023 жылға дейін Алпамыс батыр ауыл округіндегі Ақжол елді мекеніндегі ауруханаға табиғи газ кіргізуге;
2025 жылы 10 елді мекеннің (Ұшқын а/о: Достық, Бірлік а/о: Коммунизм, Құрөзек, Бозай а/о: Бозай, Тентексай, Жамбыл а/о: Бекбота, Байғабыл, Ащыкөл, Майдабозай, Қалғансыр) құрылысын салуға ықпал етеді.
Нәтижесінде 2025 жылға қарай ауданның 46,8 мың тұрғындары табиғи газбен қамтамасыз етіліп, жалпы көрсеткіш 98,8%-ға жетеді.
Сапалы электр қуатымен қамтамасыз етеміз
Аудандағы 83 елді мекеннің сапалы электр қуатымен 54 елді мекені қамтылған, қамту үлесі 65,0%-ға жетті.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:
2021 жылы 4 елді мекенді (Ошақты а/о: Саңырау, Қоңыртөбе, Ошақты, Амангелді) сапалы электр қуатымен қамтамасыз етеді;
2022 жылы 17 елді мекенді (Ақтөбе а/о: Жуантөбе, Ақжар, Жаңадәуір, М.Горький, Ескіқорған, Көгерту, Қаратөбе, Қияжол, Қызыләскер, Бозсу, Ғ.Муратбаев, Құйған, Көкбұлақ, Ынталы, Жүзімдік а/о: Ақсу, Алпамыс батыр а/о: Ақжол, Қауыншы) сапалы электр қуатымен қамтамасыз етеді;
2023 жылы 4 елді мекенді (Бірлік а/о: Бірлік, Жаңатіршілік, Қосөткел, Үшағаш) сапалы электр қуатымен қамтамасыз етеді.
Нәтижесінде 2025 жылға қарай ауданның барлық тұрғындары сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етіліп, 100%-дық көрсеткішке жетеді.
Жолдардың сапасын жақсартамыз
Жол – әрбір аудан өмірінің басты күретамыры. Тұрғындар үшін барлық ауылдарда сапалы және жақсы жолдар мен инфрақұрылым болуы тиіс.
«Nur Otan» партиясы елді мекендердегі ішкі және аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын жөндеу мәселесін шешетін болады.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:
26,2 шақырым аудандық маңызы бар автомобиль жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етеді, оның ішінде:
1 шақырым Ақтөбе ауылдық округі, Көгерту елді мекеніне жеткізуші аудандық маңызы бар автомобиль жол жөндеу жұмыстарын жүргізу;
2025 жылға дейін 25,2 шақырымдық аудандық маңызы бар автомобиль жол жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
47,5 шақырым жол 12 ауылдық округтің (Абай ауылы, Ақтөбе, Алпамыс батыр, Біртілек, Бірлік, Бозай, Бірлесу, Жамбыл, Жүзімдік, Ошақты, Қошқарата, Ұшқын) 23 елді мекенінде 37 ішкі көшелерді орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
23,4 шақырым жол «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша Абай ауылы және Қызыләскер елді мекендерінің ішкі жолдарын орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал етеді.
Нәтижесінде 2025 жылға қарай ішкі көшелер 100%, ал аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының үлесі 94,9%-ға жетеді.
