Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аудандық автомобиль жолдарын жөндеу барысы талқыланды.

«Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалында облыстық мәжіліс депутаттығына үміткерлер С.Исахова, Н.Давлетяров, Ж.Ағабековтар Абай ауылы тұрғындарымен аудандық жолдардың қайта жөндеу барысын талқылады.

Отырыс барысында ауданның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары ​ бөлімінің басшысы С.Амангельдиев аудандағы автомобиль жолдарының қайта жөндеу жұмыстары жайлы мәлімет берді.

​ ​ С.Амангельдиевтің мәліметі бойынша Келес ауданы бойынша аудандық маңызы бар 122,5 шақырым ​ автомобиль жолының қанағаттанарлық жағдайы 78,6% құрайды және аудандық автомобиль жолдары бойынша жалпы 49 аялдама бар екендігін айтып өтті.

2025 жылға дейінгі "Nur Otan " партиясының сайлауалды бағдарламасында бекітілген 7 басым бағыттың 2 бағытында белгіленген "Жолдардың сапасын жақсартамыз" тармағында көрсеткендей 47,5 шақырым жол 12 ауылдық округінде, 23 елді мекендерде 37 ішкі көшелерді орташа және ағымдағы жөндеуден өткізуге, 23,4 шақырым жол "Ауыл ел бесігі" бағдарламасы бойынша Абай және Қызыләскер елді мекендерінің ішкі көшелерін орташа жөндеуден өткізуге ықпал ететін болады.

Мәслихат депутаттығына үміткерлер жиынға қатысушыларды алдағы сайлауда "Nur Otan " партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
148

Осы тақырып бойынша

Аудандық автомобиль жолдарын жөндеу барысы талқыланды. - Yvision.kz