Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті
«Nur Otan» партиясы Семей қалалық филиалында партияның бірінші орынбасары А. Сарпековтың төрағалығымен партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. Күн тәртібінде Селевин көшесінің бойындағы магистральды құбырдың жарылуы туралы мәселе тұрды. Белгілі болғандай, 6 желтоқсанда таңғы сағат 5-тер шамасында Селевин көшесінің бойында магистральдық құбыр жарылып кеткен. Осыған байланысты Өтепбаева, Внутриквартальная және Селевин көшелеріндегі 16 үй жылусыз қалды. Семей қаласының әкімі Е. Сәлімов пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы А. Өтелбаев «Nur Otan» партиясының мүшелерімен бірге апат орнына барды. Есептеулер бойынша, 1574 абонент жылусыз және ыстық сусыз қалған. Бірақ жөндеу қызметтерінің үйлесімді жұмысының арқасында қысқа мерзімде апаттың нақты орны анықталып, кешкі 19:15-те барлық жұмыс аяқталды. Осы жағдай бойынша әкімдікте кеңейтілген кеңес өткізілді, оның барысында төтенше жағдайлардың қауіп-қатерлеріне ден қою бойынша штаб құрылды. Осыдан кейін, партиялық бақылау комиссиясы отырысының шешімімен Семейдегі жылу көздеріндегі ағымдағы жағдайды бақылау үшін бақылау тобы құрылды. Комиссияның құрамына партиялық бақылау комиссиясының мүшелері М.Қ. Мақышев, Қ.К. Тастекеев және Ж.М. Құрманғалиев кірді. Олар бірден апат орнына барып, жағдайды талдау үшін ГКП «Теплокоммунэнерго» басшылығымен жолықты. Партиялық бақылау комиссиясының тағы бір отырысы 8 желтоқсанға ГКП «Теплокоммунэнерго» мен КСК төрағасының қатысуымен апаттың себептерін тыңдау жоспарланған. 🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️🔹️
В Семейском городском филиале партии «Nur Otan» прошло заседание комиссии партийного контроля под председательством первого заместителя партии А. Сарпекова. На повестке дня был вопрос о порыве магистральной трубы по улице Селевина. Как стало известно, 6 декабря около 5 часов утра произошёл порыв магистральной трубы по улице Селевина. В связи с этим 16 домов по улицам Утепбаева, Внутриквартальная и Селевина остались без отопления. На место аварии выехал аким г. Семей Е. Салимов и руководитель отдела ЖКХ А. Утельбаев с членами партии «Nur Otan». По подсчетам без отопления и горячего водоснабжения осталось 1574 абонента. Но благодаря слаженной работе ремонтных служб, за короткое время было установлено точное место аварии. В 19:15 все работы были благополучно завершены. В акимате прошло расширенное заседание в ходе которого был создан штаб реагирования на угрозы чрезвычайного характера. После чего по решению заседания КПК была создана мониторинговая группа по отслеживанию текущей ситуации на теплоисточниках г. Семей. В состав комиссии вошли члены КПК Макишев М.К., Тастекеев К.К. и Курмангалиев Ж.М. которые сразу же выехали на место аварии и посетили ГКП «Теплокоммунэнерго» для анализа ситуации. На 8 декабря запланировано еще одно заседание КПК с участием ГКП «Теплокоммунэнерго» и председателя КСК для заслушивания причин аварии. #NurOtan #NurOtanSemey

