Күннің суықтығы біздерге әсер еткен жоқ!
Жігерген ауылын үміткерлер шарладық. Қораны да үйді де қоймадық📷! Бұл ауылдың негізгі кәсібі мал бордақылау екен. Қай үйге кірсек те, жылқы, қой, сиыр, бұқа! Елдің жағдайы жаман емес! Ауылда екі қолға бір күрек табылады екен! Бұл ауылға мәдени ошақтар керектігі ұсыныс ретінде айтылды. Сонда жастар қалаға кетпес еді дейді, үлкендеріміз! Партиямыздың «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір! —атты сайлауалды бағдарламасында Жастарға жағдай жасалатындығы, айтылған ұсыныстар жергілікті атқарушы органдарға жеткізілетіндігі айтылды.
Кездесу соңында 10қаңтар күні өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырдық!
