Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Майлыошақ елді мекенінде орналасқан ТОО «CG Foods Central Asia» кәсіпорын қызметкерлерімен кездестік

Сарапхана ауылы, Майлыошақ елді мекенінде орналасқан ТОО «CG Foods Central Asia» кәсіпорын қызметкерлерімен кездестік. 180 адамды жұмыспен қамтып отырған жаңа технологиямен қамтамасыз етілген кәсіпорын қызметкерлерін, «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір»- атты сайлауалды бағдарламаны насихаттадық. Кәсіпорын қызметкерлері, партия тарапына алғыстарын білдірді. Алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беретіндіктерін жеткізді. Өздеріңізге белгілі. біздің басты құндылығымыз – Адам, оның қадір-қасиеті мен құқы, амандық-саулығы мен заңды мүдделері.

Әр азамат туғаннан дені сау, білімді болуға, еңбек етуге, лайықты еңбекақы табуға, отбасын құруға, жеке баспана иеленуге, өз балаларының болашағын қамдауға мүмкіндік беретіндей әлеуметтік және басқа да игіліктерге кепілді әрі тең тұрғыда қол жеткізе алуға тиіс. Осы жолда «Nur Otan» партиясы еңбек ететін болады. Қортындылай келе, Құрметті жерлестер, сіздерді «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырамын!

0
0
216

Осы тақырып бойынша

Майлыошақ елді мекенінде орналасқан ТОО «CG Foods Central Asia» кәсіпорын қызметкерлерімен кездестік - Yvision.kz