Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сарапхана ауылының тұрғындары «Nur Otan» партиясын қолдайтынын жеткізді.

Сарапхана ауылының тұрғындары «Nur Otan» партиясын қолдайтынын жеткізді.

Бүгін туған ауылымның халқымен «Жастар» саябағында кездестік. Кездесу барысында, «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, онда көрсетілген ахуалды жақсарту бойынша шаралар, дамудың жеті басымдықтары жайлы айтып өттім! «Nur Otan» – халықтық партия. «Nur Otan» партиясына ел тағдыры үшін жауапкершілік жүктелген. Партиямыз өзінің құрылған күнінен бастап адамның, қоғамның және мемлекеттің дамуына жасалатын жағдайды жақсарту мақсатымен экономика мен саясатта ауқымды реформаларды тұрақты түрде жүзеге асырып келді. Бұл – барлық қазақстандықтардың бірлігі мен келісімінің, табанды да қажырлы еңбегінің, ортақ құлшынысы мен үміттерінің жемісі. «Nur Otan» партиясының міндеті – ауданды өмір сүруге ыңғайлы етіп қана қоймай, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сонымен қатар қоғамдық орындарда және көшелерде жасалатын қылмыстардың алдын алу. Оның тиімді жүзеге асуына партия өз үлесін қосады.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

 «Қауіпсіз қала», «Түнгі қала», «Көше», «Балалар түнгі қалада», «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік», «Жасөспірім» профилактикалық шаралар өткізуге;

 ауыл округтер орталығына 43 бейнебақылау камерасын орнатуға;

 аудандағы өрт сөндіру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға;

 полиция қызметкерлерін заманауи қауіпсіздік техникасымен (бейнерегистратор, GPS навигациялық жүйесі, сонымен қатар жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлеріне арналған 1 радиостанция) жарақтандыру мәселесін шешуге ықпал етеді.

 2025 жылдың соңына дейін барлық 27 ауылдың 69 көшесінде жарықдиодты шамдар мен 2 070 тірек (столба) орнатылады. Оның ішінде:

 қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты қамтамасыз етуге;

 тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруда кешенді жұмыстар атқаруға ықпал етеді;

 жергілікті жерлердегі құқық қорғау органдары мен атқарушы органдар, қоғамдық институттармен бірлесе отырып, осы бағыттағы іс-шаралардың жүйелі түрде жүргізілуін бақылауда ұстайды.

Осы жұмыстарды атқаруда партия әрқашан аянбай еңбек етеді. Халықтың сенімін ақтайды! Сондықтан да сіздерді «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырамын!

«Nur Otan» партиясына дауыс беріңіздер құрметті жерлестер!

0
0
139

Осы тақырып бойынша