Мазмұнға өту

Жаңа

#NurOtan #JasOtan #Tanday2021 #JenimpazBol #BizBirgemiz #ГолосуйЗаNurOtan #NurOtanғаДауысБер

Бүгін  Сандықтау селосының тұрғындарымен кездестім. Кездесу кезінде сайлауалды  бағдарламаммен таныстырып, болашағымыз жарқын болу үшін қандай жолдар  тиімді екенін айтып кеттім. Өз болашағымызды бірге таңдайық!

0
0
137

Кездесу өтті.

Бүгін ауданымызға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер  Аманжан Жамалов пен Республикалық штаптың мүшесі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Музыкалық жас көрермен театрының" басшысы, талантты режиссёр, жерлесіміз Асхат Маемиров келіп кездесу өткізді. Тұшымды ойлар айтылып, елдің біраз аманаты арқаланды. Олардың ішінде аудандағы мәдени нысандар музей, кітапхана, мәдениет үйлері мен балабақшалар, мектептердің күрделі жөндеуі,  жатақхана секілді түйткілді мәселелер айтылды. Бала тәрбиесі мен отбасы құндылығы, ана мен бала капиталы, рухани ұлттық құндылықтар мен білім, мәдениет мәселелері айтылды. Қалауын тапса қар жанады, демекші жақсы сөз жарым ырыс. Болашағымыз – айқын  жолдарға бастасын деп тіледік. #10.01.2021

0
0
166

Мұратсай ауылының тұрғындарымен «ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» акциясын өткізілді

«Nur Otan» партиясы Бөкей ордасы аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Жумагулова Бибибуль Мұқасқызы Мұратсай ауылының тұрғындарымен «ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» акциясын өткізді. Акция аясында аудандық сайлауалды бағдарламасының басты бағыттарымен таныстырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе отырып, 10 қаңтар күні сайлауға белсене қатысып, «Nur Otan»  партиясын қолдауға шақырды.

0
0
204

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Жаңадәуір елді мекенінің тұрғындарымен кездесу өткізді

Аудандық мәслихат депутаттығына  үміткерлер Байсерке ауылдық округіне қарасты Жаңадәуір елді мекенінің тұрғындары Л. Ақшораев, А. Бекмуратовпен кездесті. Кездесу барысында ауыл тұрғындары жол, ауыз су, жарықтандыру мәселелерін көтерді. Үміткерлер ауыл тұрғындарының өтініштерін тындап, пікірлерін айтты.

0
0
193

Кездесу өтті

Бүгін ауданымызға «Nur Otan» партиясы Республикалық сайлауалды қоғамдық штабының мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаттығына үміткер Жамалов Аманжан Макәрімұлы және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Музыкалық жас көрермен театрының» басшысы, режиссер Маемиров Асхат Максимұлы Алғабас ауылының тұрғындарымен кездсеу өткізді. Республикалық штаб мүшелері «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталып, бүгінгі күні партия тарапынан атқарылып жатырған нақты істер жөнінде айтып өтті. Кездесу барысында ауыл азаматтары А.Хамидуллин, С.Каналиев, мәдениет саласының ардагері Ә.Бақтияров, С.Ибрагимовтер партия саясатын қолдайтындықтарын білдіре отырып, ауылдағы білім ордасына, мәдениет ошақтарына күрделі жөндеу жұмыстарына қолдау керектігін айтты.

#Қиындықтыеңсеріпжеңіскебіргежетеміз!

«Nur Otan» - нақты істер партиясы!

«Nur Otan» – жарқын жетістіктер партиясы!

#BizBirgemiz!

#NurOtan

0
0
132

Өзгеріс жолы:баршаға лайықты өмір

Облыстық мәслихат және аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Аяғанов Еркебұлан мен Мұхтар Кеулімжаев «Сексеуіл» бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесті.

Жиында кандидаттар Тәуелсіздігіміздің 29 жылдығымен құттықтай келе, партияның сайлауалды бағдарламаларын жете түсіндіріп, мақсаттары мен міндеттерін айқындап берді. Сайлауалды бағдарламадағы ірі жобаларды сөз етіп, өзекті проблемаларды шешу қарастырылғанын жеткізді. Алдағы сайлауда дұрыс шешім қабылдап, ел болашағы үшін бір кісідей «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Өз кезегінде бастауыш партия ұйымының қызметкерлері көкейдегі сауалдарын жолдап, сұрақтарына жауап алды.

Аяғанов Еркебұлан биылғы сайлаудың ерекшеліктеріне тоқталып өтті. Сондай-ақ, «Өзгеріс жолы:баршаға лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын тілге тиек етті.

0
0
262

Кездесу өтті

«Nur Otan» партиясы Республикалық сайлауалды қоғамдық штабының мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаттығына үміткер Жамалов Аманжан Макәрімұлы және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Музыкалық жас көрермен театрының» басшысы, режиссер Маемиров Асхат Максимұлы ауданыдық мәжіліс залында аудандағы қоғамдық ұйымдардын өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында келелі мәселелер көтеріліп, ел азаматтарының аманаттары арқаланды. Көтерілген мәселелер ішінде мәдени нысандар: кітапхана, музей үйлеріне бөлек ғимарат қажеттіліктері және кәсіптік колледжі жатақханасының құрылысы жөнінде айтылды. Сонымен қатар  кездесуге қатысушылар бала тәрбиесі мен отбасы құндылығы, ана мен бала капиталы, ұлттық рухани құндылықтары жөнінде толғамды пікірлер айттты. Республикалық штаб мүшелері кездесуге қатысушыларды  10 қаңтарда өтетін сайлауға белсенділік танытып қатысуға шақырды.

#Қиындықтыеңсеріпжеңіскебіргежетеміз!

«Nur Otan» - нақты істер партиясы!

«Nur Otan» – жарқын жетістіктер партиясы!

#BizBirgemiz!

#NurOtan

0
0
163

Г.Ерубаева және С.Жаркынбеков азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, қоғамдық қабылдау өткізді.

11.12.2020 ж. Іле аудандық штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық маслихат депутаттығына үміткер Г.Ерубаева және аудандық маслихат депутаттығына үміткер С.Жаркынбеков азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, қабылдау өткізді.

0
0
249