Мазмұнға өту

Жаңа

Мұратсай ауылының тұрғындарымен «ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» акциясын өткізілді

«Nur Otan» партиясы Бөкей ордасы аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Жумагулова Бибибуль Мұқасқызы Мұратсай ауылының тұрғындарымен «ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» акциясын өткізді. Акция аясында аудандық сайлауалды бағдарламасының басты бағыттарымен таныстырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе отырып, 10 қаңтар күні сайлауға белсене қатысып, «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.

0
0
177

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Жаңадәуір елді мекенінің тұрғындарымен кездесу өткізді

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Байсерке ауылдық округіне қарасты Жаңадәуір елді мекенінің тұрғындары Л. Ақшораев, А. Бекмуратовпен кездесті. Кездесу барысында ауыл тұрғындары жол, ауыз су, жарықтандыру мәселелерін көтерді. Үміткерлер ауыл тұрғындарының өтініштерін тындап, пікірлерін айтты.

0
0
168

Кездесу өтті

Бүгін ауданымызға «Nur Otan» партиясы Республикалық сайлауалды қоғамдық штабының мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаттығына үміткер Жамалов Аманжан Макәрімұлы және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Музыкалық жас көрермен театрының» басшысы, режиссер Маемиров Асхат Максимұлы Алғабас ауылының тұрғындарымен кездсеу өткізді. Республикалық штаб мүшелері «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталып, бүгінгі күні партия тарапынан атқарылып жатырған нақты істер жөнінде айтып өтті. Кездесу барысында ауыл азаматтары А.Хамидуллин, С.Каналиев, мәдениет саласының ардагері Ә.Бақтияров, С.Ибрагимовтер партия саясатын қолдайтындықтарын білдіре отырып, ауылдағы білім ордасына, мәдениет ошақтарына күрделі жөндеу жұмыстарына қолдау керектігін айтты.#…

0
0
112

Өзгеріс жолы:баршаға лайықты өмір

Облыстық мәслихат және аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Аяғанов Еркебұлан мен Мұхтар Кеулімжаев «Сексеуіл» бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесті.Жиында кандидаттар Тәуелсіздігіміздің 29 жылдығымен құттықтай келе, партияның сайлауалды бағдарламаларын жете түсіндіріп, мақсаттары мен міндеттерін айқындап берді. Сайлауалды бағдарламадағы ірі жобаларды сөз етіп, өзекті проблемаларды шешу қарастырылғанын жеткізді. Алдағы сайлауда дұрыс шешім қабылдап, ел болашағы үшін бір кісідей «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.Өз кезегінде бастауыш партия ұйымының қызметкерлері көкейдегі сауалдарын жолдап, сұрақтарына жауап алды.Аяғанов Еркебұлан биылғы сайлаудың ерекшеліктеріне тоқталып өтті. Сондай-ақ, «Өзгеріс жолы:баршаға лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары…

0
0
246

Кездесу өтті

«Nur Otan» партиясы Республикалық сайлауалды қоғамдық штабының мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаттығына үміткер Жамалов Аманжан Макәрімұлы және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Музыкалық жас көрермен театрының» басшысы, режиссер Маемиров Асхат Максимұлы ауданыдық мәжіліс залында аудандағы қоғамдық ұйымдардын өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында келелі мәселелер көтеріліп, ел азаматтарының аманаттары арқаланды. Көтерілген мәселелер ішінде мәдени нысандар: кітапхана, музей үйлеріне бөлек ғимарат қажеттіліктері және кәсіптік колледжі жатақханасының құрылысы жөнінде айтылды. Сонымен қатар кездесуге қатысушылар бала тәрбиесі мен отбасы құндылығы, ана мен бала капиталы, ұлттық рухани құндылықтары жөнінде толғамды пікірлер айттты. Республикалық штаб мүшелері…

0
0
141

Г.Ерубаева және С.Жаркынбеков азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, қоғамдық қабылдау өткізді.

11.12.2020 ж. Іле аудандық штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық маслихат депутаттығына үміткер Г.Ерубаева және аудандық маслихат депутаттығына үміткер С.Жаркынбеков азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, қабылдау өткізді.

0
0
208

Кәсіпкерлік - тұрақты қоғамның негізі

Аудандық мәслихат депутаттағына үміткерлер және белсенділер кәсіпкерлермен кездесті.

- Кәсіпкерлік саласы жұмыспен қамту және халықтың әл-ауқатын арттыруда маңызды рөл атқарады. Біздің партия кәсіпкерлікті дамыту әрі қолдау үшін бірқатар жағдайлар жасап отыр. Бірақ, соған қарамастан, пандемияның салдары әлі де байқалады, бұл бизнестің экономикалық белсенділігінің төмендеуіне айтарлық әсер етті. - деді, аудандық мәслихат депуттатығына үміткер Т.Бисембаев

Кездесу барысында кәсіпкерлікті қолдау шаралары және пандемия кезінде бизнес үшін жағдайды жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, сондай - ақ жеке кәсіпкерлерді қолдау туралы хабардар етті. Кәсіпкер өз ұсыныстарын айтып, пікір алмасты.

0
0
156

Абыз ақсақалдың батасын алды.

Бүгінгі үгіт-насихат жұмыстарын ең алдымен, облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Жұмашев Мейрамбек Тоғысұлы Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, Арал ауданының құрметті азаматы, ардагер-журналист Шәкірат Дәрмағамбетовтың киелі қара шаңырағында болып, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырумен бастады.

Партия әрдайым ардагерлердің, жалғызбасты қарттардың, барлық санаттағы егде тартқан жандардың әл-ауқатын назарда ұстап келеді. Оған дәлел, «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында атқарылған іс – шаралар дәлел. Абыз ақсақал партияның әлемді әбігерге салған індет кезінде халыққа жасаған қызметі туралы хабардар екенін жеткізіп, ризашылығын білдірді.

0
0
154

12 желтоқсан 2020 жылы Іле аудандық мәдениет үйінде кездесу

12 желтоқсан 2020 жылы Іле аудандық мәдениет үйінде аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Р.Абилова, С.Закиржанов, Б.Сарыбөпеев Чапаев ауылының тұрғындарымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында ауыл тұрғыны Ж.Копбаев қалада жұмыс істейтін ауыл тұрғындардың көп болуына байланысты "Жапек батыр-Саяхат" бағытындағы маршрутты Чапаев ауылына дейін созуды ұсынды. Кездесу санитарлық нормаларға сәйкес өтті.

0
0
198