Мазмұнға өту

Жаңа

Кәсіпкерлік - тұрақты қоғамның негізі

Аудандық мәслихат депутаттағына үміткерлер және белсенділер кәсіпкерлермен кездесті.

- Кәсіпкерлік саласы жұмыспен қамту және халықтың әл-ауқатын арттыруда маңызды рөл атқарады. Біздің партия кәсіпкерлікті дамыту әрі қолдау үшін бірқатар жағдайлар жасап отыр. Бірақ, соған қарамастан, пандемияның салдары әлі де байқалады, бұл бизнестің экономикалық белсенділігінің төмендеуіне айтарлық әсер етті. - деді, аудандық мәслихат депуттатығына үміткер Т.Бисембаев

Кездесу барысында кәсіпкерлікті қолдау шаралары және пандемия кезінде бизнес үшін жағдайды жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, сондай - ақ жеке кәсіпкерлерді қолдау туралы хабардар етті. Кәсіпкер өз ұсыныстарын айтып, пікір алмасты.

0
0
172

Абыз ақсақалдың батасын алды.

Бүгінгі үгіт-насихат жұмыстарын ең алдымен, облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Жұмашев Мейрамбек Тоғысұлы Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, Арал ауданының құрметті азаматы, ардагер-журналист Шәкірат Дәрмағамбетовтың  киелі қара шаңырағында болып, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырумен бастады.

Партия әрдайым ардагерлердің, жалғызбасты қарттардың, барлық санаттағы егде тартқан жандардың әл-ауқатын назарда ұстап келеді. Оған дәлел, «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында атқарылған іс – шаралар дәлел. Абыз ақсақал партияның әлемді әбігерге салған індет кезінде халыққа жасаған қызметі туралы хабардар екенін жеткізіп, ризашылығын білдірді.

0
0
170

12 желтоқсан 2020 жылы Іле аудандық мәдениет үйінде кездесу

12 желтоқсан 2020 жылы Іле аудандық мәдениет үйінде аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Р.Абилова, С.Закиржанов, Б.Сарыбөпеев Чапаев ауылының тұрғындарымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында ауыл тұрғыны Ж.Копбаев қалада жұмыс істейтін ауыл тұрғындардың көп болуына байланысты "Жапек батыр-Саяхат" бағытындағы маршрутты Чапаев ауылына дейін созуды ұсынды. Кездесу санитарлық нормаларға сәйкес өтті.

0
0
223

Үміткерлер кездесуде

Үгіт-насихат жұмыстары барысында облыстық мәслихат кандидаттары  З.Шүкіров атындағы мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездесті. Келелі кездесу барысында негізінен партияның сайлауалды бағдарламалары түсіндірілді. Сондай-ақ, сайлауалды бағдарламада ауылшаруашылығы мен кәсіпкерлік саласы назардан тыс қалмағандығы айтылды.

Үміткерлер  кездесу барысында «Nur Otan» партиясының аз уақыт ішінде еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігіне, еліміздің гүлденуіне қосқан үлесі жайлы айтып, алдағы уақытта да қазақстандықтың игілігіне жұмыс жасауды жалғастыратынын айтты. Осы тұста партия тұрғындардың үмітін ақтап, халықтың барлық топтарының мүдделерін білдіріп, халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет ету үшін барлық қажетті шараларды қабылданатындығы айтылды. Сонымен қоса, үміткерлер тұрғындарға партияның бағдарламасы облыс халқын кешенді дамытуға бағытталғанын, аймағымызды әртараптандырып, бәсекеге қабілетті экономика және өмір сүру үшін жайлы аумақ ететін нақты шаралар ұсынылатындығын жеткізді. Үміткерлер тұрғындарды жетекші партияның ілкімді істерін қолдап, 10 қаңтар күні өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
172

«Nur Оtan» партиясының ұтымды ұстанымы

Облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Жұмашев Мейрамбек Тоғысұлы және Лаура Ибраймова Қолғанатқызының  қатысуымен денсаулық саласының өкілдерімен кездесу өтті.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев төрағалық ететін «Nur Оtan» партиясының ұтымды ұстанымы елдің әл-ауқатын арттырудың қарқынын арттырып келеді. Көшбасшы партияның кез-келген құнды құжаты әбден сарапталып, сыннан өтіп, салмақты серпінімен сенімге ие болуда.

«Nur Otan» партиясы ұлт денсаулығын сақтауға ерекше мән беріп келеді. Жыл басынан өткізілген комиссия отырыстары барысында денсаулық саласы бойынша бірқатар мәселелер қаралды. Оның ішінде өңірлер бөлінісінде алғашқы медициналық-санитариялық көмектің қолжетімділігін арттыру бойыша шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру, COVID-19 пандемиясы кезеңінде аймағымызда үздіксіз медициналық көмекті ұйымдастыру және дәрі-дәрмекепен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

«Nur Оtan» партиясының сайлауалды өңірлік бағдарламалары аймақтардың даму ерекшеліктеріне бағытталып, назар аударуды қажет ететін салалармен сабақтасуда. Мәселен, «Nur Оtan» партиясының Қызылорда облысы бойынша сайлауалды бағдарламасы сан-салаға серпін беруді көздейтін саяси бағдарланған құжат ретінде мақсаттар межесін белгілеп берді. Яғни, өзінің сайлауалды бағдарламасында ауданды дамытудың  7 басым бағытын айқындады.  Оның басты мақсаты – халықтың мүддесін түгендеп, қоғамның талап-тілектерін ескерген саяси құжаттың маңызын тілге тиек етті. Осы орайда кандидаттар өз тараптарынан бағдарламаның мақсат-міндеттерін бірлесіп іске асыруға шақырды.

0
0
296

Есіктен есікке

Көп жылдары аудандық обаға күрес бөлімшесінде жұмыс жасап, сол жерден зейнеткерлікке шыққан. Еркін ағамыздың тілегі, қарапайым халықтың жағдайы жақсарып, қымбатшылдық тоқталса екен, деді. "Nur Otan" партиясын қолдайтының жеткізді.

0
0
241