Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Өзгеріс жолы:баршаға лайықты өмір

Облыстық мәслихат және аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Аяғанов Еркебұлан мен Мұхтар Кеулімжаев «Сексеуіл» бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесті.

Жиында кандидаттар Тәуелсіздігіміздің 29 жылдығымен құттықтай келе, партияның сайлауалды бағдарламаларын жете түсіндіріп, мақсаттары мен міндеттерін айқындап берді. Сайлауалды бағдарламадағы ірі жобаларды сөз етіп, өзекті проблемаларды шешу қарастырылғанын жеткізді. Алдағы сайлауда дұрыс шешім қабылдап, ел болашағы үшін бір кісідей «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Өз кезегінде бастауыш партия ұйымының қызметкерлері көкейдегі сауалдарын жолдап, сұрақтарына жауап алды.

Аяғанов Еркебұлан биылғы сайлаудың ерекшеліктеріне тоқталып өтті. Сондай-ақ, «Өзгеріс жолы:баршаға лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын тілге тиек етті.

0
0
225

Осы тақырып бойынша

Өзгеріс жолы:баршаға лайықты өмір - Yvision.kz