Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Кездесу өтті.

Бүгін ауданымызға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Аманжан Жамалов пен Республикалық штаптың мүшесі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Музыкалық жас көрермен театрының" басшысы, талантты режиссёр, жерлесіміз Асхат Маемиров келіп кездесу өткізді. Тұшымды ойлар айтылып, елдің біраз аманаты арқаланды. Олардың ішінде аудандағы мәдени нысандар музей, кітапхана, мәдениет үйлері мен балабақшалар, мектептердің күрделі жөндеуі, жатақхана секілді түйткілді мәселелер айтылды. Бала тәрбиесі мен отбасы құндылығы, ана мен бала капиталы, рухани ұлттық құндылықтар мен білім, мәдениет мәселелері айтылды. Қалауын тапса қар жанады, демекші жақсы сөз жарым ырыс. Болашағымыз – айқын жолдарға бастасын деп тіледік. #10.01.2021

0
0
130

Осы тақырып бойынша

Кездесу өтті. - Yvision.kz