Мазмұнға өту

Жаңа

Алматыда құрылысы жүріп жатқан көпқабатты үйден өрт шықты

18 наурыз күні сағат 13:58-де Алматы қаласындағы Алатау ауданында, Момышұлы көшесі, Универсиадная көшесінің бұрышында салынып жатқан 5 қабатты тұрғын үйдің аумағында, 1-қабатта 15 ш.м.алаңда пластикалық құбырлардың жануы орын алды. Сағат 14:08-де өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Алматы қаласы ТЖД жеке құрамынан 13 адам және 3 бірлік техника жұмылдырылды. t.me/qr_tjm

0
0
375

Қызылорда облысында екі айда 40 млн теңге алимент өндірілген

Қызылорда облысының прокуратурасы биыл алимент өндіру бағытында бірқатар жұмыстар атқарды.Прокуратура органдарымен Әділет департаментіне және Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына 10 заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізілді.Нәтижесімен биыл екі айда 43 жалғыз басты аналардың пайдасына 40 млн теңге алименттен берешек өндірілді, 64 қаскөй борышкер уақытылы алимент төлемегені үшін ӘҚБтК-нің 669-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылды, 21 жеке сот орындаушы алиментті мәжбүрлеп өндіру кезінде өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілік көрілді.Прокуратураның бастамасымен алимент төлеуден жалтарып жүрген 9 қаскөй борышкерге қатысты ҚК-тің 139-бабымен қылмыстық іс тіркелді, оның 4-уі қылмыстық жауаптылыққа, қалғандары бойынша тергеу жүргізілуде.Мысалы, борышке…

0
0
289

Астанадан Ереванға тікелей әуе рейсі ашылатын болды

Қазақстан Астанадан Армения астанасы – Ереванға тікелей әуе рейсін ашуды жоспарлап отыр.

Фото : Airbus

Бұл туралы екі елдің сыртқы істер министрлері Мұрат Нұртілеу мен Арарат Мирзоянның Еревандағы кездесуінде айтылды, деп жазады @SputnikARM.

Сондай-ақ тараптар қазақ-армян бизнес кеңесін құру мәселесін талқылады.

0
0
314

Министр "баланың ораза ұстағаны дұрыс па?" деген сұраққа жауап берді

Балаға ораза ұстатар алдында оның денсаулығына ерекше мән беру керек. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді."Жалпы алғанда, баланың ағзасы тез өседі және күнделікті көп энергия жұмсайды. Сондықтан осы энергияны уақылы толықтырып отыруы керек. Атап айтқанда, әрбір ата-ана балаларының дамуына қатысты мәселені түсінуі керек. Баланың денсаулығы үшін уақытылы, сапалы әрі теңгерімді тамақтануы өте маңызды деп есептеймін", - деді министр.Сондай-қ Ақмарал Әлназарова баланың жас ерекшелігін де назарға алу керектігіне тоқталды."Әр ата-ана баласына рұқсат берсе, бұл өз отбасы ішіндегі жеке мәселесі екені түсінікті. Бірақ бала белгілі бір жасқа дейін дұрыс тамақтануы керек деп санаймын. Менің ойымша, 16-17 жасқа дейін, яғни барлық органдарының толық қалыптасуына мән…

0
0
282

Әлеуметтік мәні бар арумен ауырып қалған болуы мүмкін адамдарға тегін қызмет көрсетіледі

Әлеуметтік мәні бар ауруға күдікті пациенттер дәрігерлерге МӘМС-тен тыс қарала алады.Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан, әлеуметтік мәні бар ауруға (ӘМА) күдікті адамдарға медициналық көмек көрсету мақсатында нормативтік базаға өзгерістер енгізеді.Бұған дейін халықтан диагноз қою мақсатында клиникалық-диагностикалық зерттеулер алу бөлігінде медициналық көмектің қолжетімділігін шектеуге көптеген шағымдар түскен.Енді ӘМА-ға күдікті адамдарға МӘМС жүйесіндегі сақтандыру мәртебесіне қарамастан, емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес диагностикалық зерттеулер тегін негізде қолжетімді болады.Айта кетейік, әлеуметтік мәні бар ауру ұғымына енетін негізгі белгілер – аурудың жаппай сипат алуы. Яғни ел арасында аурудың таралу пайызы жо…

0
0
393

Жамбыл облысында мұғалиманың айғайынан кейін оқушының аяқ-қолы қалшылдап қалған

"Жамбыл облысының Мойынқұм ауданындағы мектептің 7-сынып оқушысының ата-анасы математика мұғалімі Айнұр Жошыбаева баланы осындай жағдайға жеткізді деп отыр. Бұға дейін Жошыбаева ұрғаны және ұзақ бұзақылығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.

Білім басқармасы осындай мұғалімдерді жақсы көреді екен", - деп жазады @egovpress.

Видеоны мына жерден көруге болады.

0
0
386

Елтаңбаны өзгерту қанша теңгеге түсуі мүмкін?

Гуглден іздесеңіз, оған соңғы жеті жыл ішінде елтаңба саудасы туралы 12 000-нан астам хабарландыру шыққанын көресіз. Бұл ақшамен қанша болады?Фото: akorda.kz-Аудандық әкімдіктегі кабинетке арналған бір елтаңба салыстырмалы түрде қымбат емес. 40-50 мың теңге. Ал үлкендеу елтаңбаның (ғимараттың алдына ілетін) бағасы 2 млн теңгеге дейін жетуі мүмкін.Бірақ елде мемлекеттік мекеме өте көп қой. Ал мыңдаған данасы алынса, әрине, ол қымбаттай береді. Өзіңіз қараңызшы.Министрліктерде елтаңбалар алу 40 млн теңгеге түсуі мүмкін. Мысалы, Қорғаныс министрлігі 2017 жылы 847 елтаңбаға 38 млн теңге төлеген.Қалалар мен аймақтарда бір мекеме елтаңбаға 10 млн теңге жұмсауы мүмкін. Ақтөбе облысының полициясы бірер жыл бұрын ғимарат алдына ілінетін екі елтаңбыны 6,4 миллин теңгеге алған.Ал елімізде қанша ауда…

0
0
357

Елімізде ұлттық киім киюге қатысты сауалнама жүргізілді

Ел тұрғындарының 80,4%-ы күнделікті өмірінде ұлттық киім киюге оң көзқараспен қарайды.Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігіндегілер хабарлады.Сауалнамаға қатысқан 18-29 жастағы жастардың 83,3%-ы күнделікті өмірде ұлттық киім киюге оң көзқараспен қарайды.Сауалнамаға қатысқан әрбір төртінші адам күнделікті өмірде ұлттық киім киеді.2024 жылғы 26 ақпан мен 11 наурыз аралығында eGov mobile платформасында азаматтарға ұлттық киім киюге қатысты сауалнама жүргізілді.Әлеуметтанулық деректер күнделікті өмірде ұлттық киім киюді мақұлдаудың жоғары деңгейін көрсетеді.Сауалнамаға қатысқандардың 80,4%-ы ұлттық элементтері бар киімді күн сайын киюге оң көзқараспен қарайды. Бұл дегеніміз, ұлттық киім қазіргі өмір жағдайына сай келеді және азаматтар арасында сұранысқа ие.Сауалнама нәтижелеріне сәйкес…

0
0
294

Астанада қойманың 1000 шаршы метр аумағы отқа оранды

Сағат 07.20-да Астана қ.ТЖД бөлімшелері Байқоңыр ауданында орын алған өрт орнына шықты. Өрт сөндірушілердің келіп жетуі бойынша 1000 ш.м. алдын ала алаңда отпен толық оранған бір қабатты қойма үй-жайы жанып жатқаны анықталды. Өрт кезінде ғимараттың алдыңғы қабырғасы мен шатыры құлады. Оқиға орнында үш жауынгерлік учаске құрылды. Өрт сөндіру жұмыстарына жеке құрамның 70-ке жуық адамы, 15 техника жұмылдырылды.

0
0
317

Үкімет Президенттің Ұлттық құрылтайда берген тапсырмаларын орындауға кірісті

Премьер-министр Олжас Бектенов осы жылы 15 наурызда өткен «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша кеңес өткізді.Президент ТКШ инфрақұрылымын жөндеу және жаңғырту мәселесі бойынша қолданыстағы 55 жылу көзін жөндеуді және кемінде 6,5 мың шақырым инженерлік желілерді жаңғыртуды тапсырды. Бұл мақсаттарға 650 млрд теңге инвестиция тартылатын болады.Азаматтардың баспаналы болуын қамтамасыз ету бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін Үкімет кезекте т9р5андар, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал санаттары үшін сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй көлемін 4 есе ұлғайтуды жоспарлап отыр. Ол үшін қосымша 272 млрд теңге бөлінеді. Мемлекет ба…

0
0
352