Әлеуметтік мәні бар арумен ауырып қалған болуы мүмкін адамдарға тегін қызмет көрсетіледі
Әлеуметтік мәні бар ауруға күдікті пациенттер дәрігерлерге МӘМС-тен тыс қарала алады.

Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан, әлеуметтік мәні бар ауруға (ӘМА) күдікті адамдарға медициналық көмек көрсету мақсатында нормативтік базаға өзгерістер енгізеді.
Бұған дейін халықтан диагноз қою мақсатында клиникалық-диагностикалық зерттеулер алу бөлігінде медициналық көмектің қолжетімділігін шектеуге көптеген шағымдар түскен.
Енді ӘМА-ға күдікті адамдарға МӘМС жүйесіндегі сақтандыру мәртебесіне қарамастан, емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес диагностикалық зерттеулер тегін негізде қолжетімді болады.
Айта кетейік, әлеуметтік мәні бар ауру ұғымына енетін негізгі белгілер – аурудың жаппай сипат алуы. Яғни ел арасында аурудың таралу пайызы жоғары болады. Оның ішінде қоғамда «жасырын» науқастардың айтарлықтай пайызының болуы, науқастар санының жылдық өсу қарқынының жоғарылығы.
gov.kz/memleket/entities/dsm
