Мазмұнға өту

Жаңа

С.Сейфуллин, Талдыбұлақ ауылдарында тұрғындармен агитациялық кездесулер өткізілді

"NurOtan" партиясының Жаңаарқа аудандық сайлауалды штабы С.Сейфуллин, Талдыбұлақ ауылдарында тұрғындармен агитациялық кездесулер өткізді.

Партия кандидаттары Ө.Уалиев, Қ.А.Имантүсіпов, О.Молдабаев, Б.Жарылғапов, Е.Түсіпов партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын түсіндірді.

Кандидаттар аудандық агроөнеркәсіптік сектордың тұрақты жұмысының арқасында пандемия жағдайында аймақ, экономикадағы шығындар мен жұмысшылардың жаппай босатылуына жол бермегендігін, және ауданның әлеуеті мен артықшылықтарын халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, қайта өңдеу және сауда кәсіпорындарын дамыту, сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін пайдалану қажеттігін айтты.

Кездесу соңында кандидаттар тұрғындарды 2020 жылғы 10 қаңтар күні сайлау учаскелеріне келіп, "NurOtan" партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
130

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Желтоқсанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің біз үшін орны қашан да бөлек. Сондықтан да «толарсақтан саз кешкен» батыр бабаларымыздың әр жылда төгілген қанының, ұлы мұраттар жолында құрбан болған асыл азаматтарымыздың асқақ армандарының, сәбиін білегімен, даласын жүрегімен тербеткен аналарымыздың аққан жасының, Жаратқаннан тілеген медетінің арқасында қол жеткізген Тәуелсіздікті біз әрқашан мақтан тұтып, қастерлей білуге тиістіміз. Біле білсек, бұл біздің азаматтық парызымыз, адамдық борышымыз.

Еуразия жүрегінде, өркениеттердің ұштасқан орталығында талай ұлт пен ұлыстың құзырлы мекеніне айналған ұлы Далада азат елдің азаматы атанғаннан асқан бақыт жоқ. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербеліп, қыран құсы қалықтаған көк аспанымыздың астында баянды да бақытты ғұмыр кешулеріңізге тілектеспін.

"Nur Otan" партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары  А.Қ.Сатибаев

0
0
126

«Алматы желдеткіш зауыты» еңбек ұжымымен аудандық сайлауалды штабының мүшелерімен кездесуде

2020 жылдың 15 желтоқсан күні сағат 11-00де Іле ауданы, Қоянқұс ауылы, «Алматы желдеткіш зауыты» еңбек ұжымымен аудандық сайлауалды штабының мүшелері, «Nur Otan» партиясынан ұсынылған аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар – А.Сатибаев, А.Скоропадский, Е.Потапова, Т.Аныков кездесу өткізіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.  Кездесу барысында  кандидаттар 2016-2021жж. партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуы, жеткен жетістіктері жайлы айтып, 2021-2025 жж. арналған «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Ұжым мүшелерімен өзара пікіралмасып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Кездесуге қатысушылар бірауыздан 2021 ж. 10 қаңтар күні сайлауда «Nur Otan» партиясына қолдау көрсететіндіктерін білдірді.

0
0
184

«Nur Otan» партиясы республикалық сайлауалды штабының алғашқы отырысы өтті.

«Nur Otan» партиясының Орталық аппаратында бейнеконференция байланысы режимінде Республикалық сайлауалды штабтың бірінші отырысы өтті.


Штаб құрамына қоғамдық пікір көшбасшылары, партия белсенділері мен партиялық тізімге енген кандидаттар қатарынан 400-ден астам адам кірді.

«Nur Otan» партиясының Республикалық сайлауалды штабының басшысы Бауыржан Байбек атап өткендей, 216 өңірлік сайлауалды штаб жұмысына еліміздің 7 мыңдай белгілі де беделді азаматтары жұмылдырылған. Бұлардың қатарында праймериз жеңімпаздары, қоғам қайраткерлері, қызметтегі депуттар және басқалар бар. Олардың әрқайсысына арнап жеке үгіт-насихат жоспары және сайлаушылармен кездесу кестесі әзірленген.

«Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев тапсырғандай, үгіт-насихат науқаны аясында біз сайлаушыларды 100% қамтуға тиіспіз. Бұл үшін барша партияластар, әсіресе, кандидаттар сайлау науқанына белсене атсалысуы керек. Пандемияны ескере отырып, қарқынды да нақты бағдарланған жұмыс жүргізу маңызды. Біз көп адам жинайтын ауқымды іс-шаралар емес, шағын жиындарға көшеміз. Нақты әлеуметтік топтар – зейнеткерлер, жұмысшылар, аграршылар, мұғалімдер және дәрігерлермен кездесеміз. Оларды толғандырған мәселелерді жан-жақты талқылап, сайлауалды бағдарламада көрсетілген мәселелердің нақты шешімін әрбір сайлаушыға қарапайым әрі түсінікті тілде жеткізу қажет. Шалғай ауылдарға дейін бару керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыра отырып, біз көпшіліктің мәселесін тыңдап қана қоймай, оларды шешуіміз керек. Біз партия мен қоғам арасындағы кері байланысты нығайтып, азаматтардың талап-тілектерін жинауға тиіспіз. Үгіт-насихат науқанымыздың басты қағидасы –  тұрғындармен тікелей және шынайы диалог орнатуға негізделеді», – деп атап көрсетті Бауыржан Байбек.

0
0
189