Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

С.Сейфуллин, Талдыбұлақ ауылдарында тұрғындармен агитациялық кездесулер өткізілді

"NurOtan" партиясының Жаңаарқа аудандық сайлауалды штабы С.Сейфуллин, Талдыбұлақ ауылдарында тұрғындармен агитациялық кездесулер өткізді.

Партия кандидаттары Ө.Уалиев, Қ.А.Имантүсіпов, О.Молдабаев, Б.Жарылғапов, Е.Түсіпов партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын түсіндірді.

Кандидаттар аудандық агроөнеркәсіптік сектордың тұрақты жұмысының арқасында пандемия жағдайында аймақ, экономикадағы шығындар мен жұмысшылардың жаппай босатылуына жол бермегендігін, және ауданның әлеуеті мен артықшылықтарын халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, қайта өңдеу және сауда кәсіпорындарын дамыту, сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін пайдалану қажеттігін айтты.

Кездесу соңында кандидаттар тұрғындарды 2020 жылғы 10 қаңтар күні сайлау учаскелеріне келіп, "NurOtan" партиясына дауыс беруге шақырды.

Осы тақырып бойынша

С.Сейфуллин, Талдыбұлақ ауылдарында тұрғындармен агитациялық кездесулер өткізілді - Yvision.kz