Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!Желтоқсанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің біз үшін орны қашан да бөлек. Сондықтан да «толарсақтан саз кешкен» батыр бабаларымыздың әр жылда төгілген қанының, ұлы мұраттар жолында құрбан болған асыл азаматтарымыздың асқақ армандарының, сәбиін білегімен, даласын жүрегімен тербеткен аналарымыздың аққан жасының, Жаратқаннан тілеген медетінің арқасында қол жеткізген Тәуелсіздікті біз әрқашан мақтан тұтып, қастерлей білуге тиістіміз. Біле білсек, бұл біздің азаматтық парызымыз, адамдық борышымыз.Еуразия жүрегінде, өркениеттердің ұштасқан орталығында талай ұлт пен ұлыстың құзырлы мекеніне айналған ұлы Далада азат елдің азаматы атанғаннан асқан бақыт жоқ. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербеліп, қыран құсы қалықтаған көк асп…

0
0
106

«Алматы желдеткіш зауыты» еңбек ұжымымен аудандық сайлауалды штабының мүшелерімен кездесуде

2020 жылдың 15 желтоқсан күні сағат 11-00де Іле ауданы, Қоянқұс ауылы, «Алматы желдеткіш зауыты» еңбек ұжымымен аудандық сайлауалды штабының мүшелері, «Nur Otan» партиясынан ұсынылған аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар – А.Сатибаев, А.Скоропадский, Е.Потапова, Т.Аныков кездесу өткізіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында кандидаттар 2016-2021жж. партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуы, жеткен жетістіктері жайлы айтып, 2021-2025 жж. арналған «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Ұжым мүшелерімен өзара пікіралмасып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Кездесуге қатысушылар бірауыздан 2021 ж. 10 қаңтар күні сайлауда «Nur Otan» партиясына қолдау көрсететіндіктерін білдірді.

0
0
162

«Nur Otan» партиясы республикалық сайлауалды штабының алғашқы отырысы өтті.

«Nur Otan» партиясының Орталық аппаратында бейнеконференция байланысы режимінде Республикалық сайлауалды штабтың бірінші отырысы өтті.Штаб құрамына қоғамдық пікір көшбасшылары, партия белсенділері мен партиялық тізімге енген кандидаттар қатарынан 400-ден астам адам кірді.«Nur Otan» партиясының Республикалық сайлауалды штабының басшысы Бауыржан Байбек атап өткендей, 216 өңірлік сайлауалды штаб жұмысына еліміздің 7 мыңдай белгілі де беделді азаматтары жұмылдырылған. Бұлардың қатарында праймериз жеңімпаздары, қоғам қайраткерлері, қызметтегі депуттар және басқалар бар. Олардың әрқайсысына арнап жеке үгіт-насихат жоспары және сайлаушылармен кездесу кестесі әзірленген.«Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев тапсырғандай, үгіт-насихат науқаны аясында біз сайлаушыларды 100% қамтуға тиіспіз. Бұ…

0
0
165

Увалиев Мұрат Талғатұлы қабылдау өткізді.

2020 жылдың 15 желтоқсан күні сағат 10-00де «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалының сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық маслихат депутаттығына үміткер Увалиев Мұрат Талғатұлы қабылдау өткізді. Қабылдауға Өтеген батыр ауылының тұрғындары және Қараой ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Сейлхан Гулназ қазіргі уақыттағы басты мәселе газ мәселесі туралы толғандырған сұрақтарын қойды. Анықтап айтқанда, көпбалалы аналар үйлеріне газ орнатуда қандай жеңілдіктер барын сұрады. Үміткер тарапынан тиісті жауап беріліп, бұл сұрақты тағы да тереңірек қарастыратынын айтты.

"Nur Otan" партиясы Үржар аудандық сайлауалды штабы

2020 жылдың 21-шы желтоқсан күні "Nur Otan" партиясы Үржар аудандық сайлауалды штабының мүшелері және аудандық мәслихатының депутаттығына үміткерлер Сатмұхаметов Қанат Қасымұлы, Бейсенбек Зухра Нұржанқызы ауданымыздағы мәдениет, спорт, саласының қызметкерлерімен, тілші, блогерлермен кездесіп,партияның алға қойған мақсат міндеттері және бағдарламаларымен таныстырды. Кездесу барысында ұтымды ұсыныстар мен тиімді пікірлер айтылды..

18
0
180