«Алматы желдеткіш зауыты» еңбек ұжымымен аудандық сайлауалды штабының мүшелерімен кездесуде
2020 жылдың 15 желтоқсан күні сағат 11-00де Іле ауданы, Қоянқұс ауылы, «Алматы желдеткіш зауыты» еңбек ұжымымен аудандық сайлауалды штабының мүшелері, «Nur Otan» партиясынан ұсынылған аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар – А.Сатибаев, А.Скоропадский, Е.Потапова, Т.Аныков кездесу өткізіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында кандидаттар 2016-2021жж. партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуы, жеткен жетістіктері жайлы айтып, 2021-2025 жж. арналған «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Ұжым мүшелерімен өзара пікіралмасып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Кездесуге қатысушылар бірауыздан 2021 ж. 10 қаңтар күні сайлауда «Nur Otan» партиясына қолдау көрсететіндіктерін білдірді.



