Жаңа
Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Jas Otan»-ның Съезінде
Аудан тұрғындарын ауылдарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі
Аягөз ауданының тұрғындарын ауылдарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі бойынша zoom платформасында онлайн кездесу өтті. Кездесуге облыстық және аудандық мәслихатқа ұсынылған кандидаттар Е.Сабитов және К.Габдуллина қатысты. Іс-шара барысында Аягөз ауданы бойынша 50 ауыл елді мекенің 29-і ауыз сумен қамтылған (58 %), қазіргі таңда 30 елді мекенде 15 791 үйдің 9916 орталықтандырылған ауыз су құбырына қосылғандығы аталып өтті. (63 %) Қала тұрғындарын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 4 кезең өткен.
19 желтоқсан күні сағат 15-00де Іле ауданы, Өтеген батыр ауылында кездесу өтті
19 желтоқсан күні сағат 15-00де Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, "Nur Otan" партиясы Іле аудандық сайлауалды штабтың мәжіліс залында "Nur Otan" партиясы Алматы облыстық сайлауалды штабы жетекшісінің бірінші орынбасары Жөргенбаев Ж.Ә. Алматы облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер, Іле ауданындағы сайлауалды штаб мүшелерімен, Қапшағай қаласының және Балқаш ауданы төрағаларының бірінші орынбасарларымен кездесу өткізді. Жанболат Әкебайұлы шара барысында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстьарының жүргізілу барысы, үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстарына белсене атсалысуы, әлеуметтік желілерде шараның дер кезінде жариялануы, үміткерлердің үгіт жұмысына қатысуы бойынша рейтинг жүргізілетіні, қайырымдылық шараларға толыққанды тыйым салынғаны т.б. жайлы түсіндірді. Кездесу барысында штаб мүшелерімен…
Мәжіліс үміткері атбасын тіреген тағы бір нысан – Жаңа жол
Жаңа жол ауылдық округіне қарасты Фирдауси ауылы болды. Бұл да мамырдағы су тасқыны кезінде зардап шеккен ауылдың бірі. Бүгінгі өмірі тыныш, мамыражай. Зақым келіп, зардап шеккен баспаналар мен коммерциялық дүкендер қалпына келтіріліп, мал және заттай шығындарының құны толық өтелген.Құдайберген Ержан ауыл тұрғындарымен тілдесіп, жағдайларымен танысты. Ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауда белсенділік танытуға, «Nur Otan» партиясын қолдап дауыс беруге шақырды. Өзі үміткер болып түсіп отырған партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, атқарылған жұмыстарға тоқталды. Алдағы атқарылар жұмыстардың жоспарларымен бөлісті.Үміткер кездескен елді мекен тұрғындары билік пен бұқараның ортасындағы алтын көпірге айналған «Nur Otan» партиясын…
Ержан Құдайберген
Бірлік ауылдық округінен соң Құдайберген Ержан Сардобаның су тасқынынан үйлері су астында қалып, баспанасынан айырылған жандарға арнап бой көтерген Мырзакент кентіндегі жаңа мөлтек ауданда болды. Жергілікті халықпен кездесіп, қал-жағдайларынан хабар алды. Мемлекеттің, партияның бастамасымен салынған үйлердегі қолайлылықтар мен кемшіліктер жайында сұрады. Тұрғындар мемлекет пен партияның, жомарт жандардың көмегіне, қамқорлығына алғыстарын білдірді. Жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатты қолдайтындықтарын жеткізді.
«Есіктен есікке» акциясы
«Nur Otan» партиясының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Есіктен есікке» акциясы аясында ҚР Мәжілісі депутатына кандидат Казахбаев Оспан Түпқараған ауданында болды.
Акция барысында аудан халқының шаңырақтарына арнайы барып, партияның жетістіктері туралы баяндап, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Аудан тұрғындары өз тараптарынан үйме-үй кіріп насихаттық жұмыстарын жүргізіп, талап-тілектерін тыңдауға келген партия өкілдеріне алғыс білдірді. Ақшұқыр ауылының тұрғыны Едилова Дина партиядан жұмыссыздық туралы сұрақтарын қойып, ауыл жағдайына қанағаттанатынын, балаларының оқуда екенін айта отырып ауылдың даму жолында жастарға арналған орталықтардың ашылуы жөнінде ұсыныстарын айтты.
Акция бір ай бойы үгіт-насихат шаралары аясында жалғасын табады.
Түпқараған аудандық мәслихат депутаттығына үміткер - Б.Джулдибаева.
Бүгін Түпқараған аудандық мәслихат депутаттығына үміткер - Б.Джулдибаева тікелей эфирге. Төмендегі сілтеме арқылы көрсеңіздер болады.
"Есіктен-есікке" акциясы
"Есіктен-есікке" акциясы аясында «Nut Otan» партиясының Маңғыстау облыстық сайлауалды штабының басшысы Елубай Әбілов бүгін Ақтау қаласының «Шығыс 2» шағынауданында болды.
"Кандидатқа сұрақ қой" жобасы
"Кандидатқа сұрақ қой" жобасы аясында облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Нури Лазарұлы Тұмышев тікелей эфир жүргізді.