Ержан Құдайберген
Бірлік ауылдық округінен соң Құдайберген Ержан Сардобаның су тасқынынан үйлері су астында қалып, баспанасынан айырылған жандарға арнап бой көтерген Мырзакент кентіндегі жаңа мөлтек ауданда болды. Жергілікті халықпен кездесіп, қал-жағдайларынан хабар алды. Мемлекеттің, партияның бастамасымен салынған үйлердегі қолайлылықтар мен кемшіліктер жайында сұрады. Тұрғындар мемлекет пен партияның, жомарт жандардың көмегіне, қамқорлығына алғыстарын білдірді. Жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатты қолдайтындықтарын жеткізді.
