19 желтоқсан күні сағат 15-00де Іле ауданы, Өтеген батыр ауылында кездесу өтті
19 желтоқсан күні сағат 15-00де Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, "Nur Otan" партиясы Іле аудандық сайлауалды штабтың мәжіліс залында "Nur Otan" партиясы Алматы облыстық сайлауалды штабы жетекшісінің бірінші орынбасары Жөргенбаев Ж.Ә. Алматы облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер, Іле ауданындағы сайлауалды штаб мүшелерімен, Қапшағай қаласының және Балқаш ауданы төрағаларының бірінші орынбасарларымен кездесу өткізді. Жанболат Әкебайұлы шара барысында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстьарының жүргізілу барысы, үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстарына белсене атсалысуы, әлеуметтік желілерде шараның дер кезінде жариялануы, үміткерлердің үгіт жұмысына қатысуы бойынша рейтинг жүргізілетіні, қайырымдылық шараларға толыққанды тыйым салынғаны т.б. жайлы түсіндірді. Кездесу барысында штаб мүшелерімен пікір алмасып, сұрақтарына жауап берді


