«Есіктен есікке» акциясы
«Nur Otan» партиясының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Есіктен есікке» акциясы аясында ҚР Мәжілісі депутатына кандидат Казахбаев Оспан Түпқараған ауданында болды.
Акция барысында аудан халқының шаңырақтарына арнайы барып, партияның жетістіктері туралы баяндап, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Аудан тұрғындары өз тараптарынан үйме-үй кіріп насихаттық жұмыстарын жүргізіп, талап-тілектерін тыңдауға келген партия өкілдеріне алғыс білдірді. Ақшұқыр ауылының тұрғыны Едилова Дина партиядан жұмыссыздық туралы сұрақтарын қойып, ауыл жағдайына қанағаттанатынын, балаларының оқуда екенін айта отырып ауылдың даму жолында жастарға арналған орталықтардың ашылуы жөнінде ұсыныстарын айтты.
Акция бір ай бойы үгіт-насихат шаралары аясында жалғасын табады.
