Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мәжіліс үміткері атбасын тіреген тағы бір нысан – Жаңа жол

Жаңа жол ауылдық округіне қарасты Фирдауси ауылы болды. Бұл да мамырдағы су тасқыны кезінде зардап шеккен ауылдың бірі. Бүгінгі өмірі тыныш, мамыражай. Зақым келіп, зардап шеккен баспаналар мен коммерциялық дүкендер қалпына келтіріліп, мал және заттай шығындарының құны толық өтелген.

Құдайберген Ержан ауыл тұрғындарымен тілдесіп, жағдайларымен танысты. Ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауда белсенділік танытуға, «Nur Otan» партиясын қолдап дауыс беруге шақырды. Өзі үміткер болып түсіп отырған партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, атқарылған жұмыстарға тоқталды. Алдағы атқарылар жұмыстардың жоспарларымен бөлісті.

Үміткер кездескен елді мекен тұрғындары билік пен бұқараның ортасындағы алтын көпірге айналған «Nur Otan» партиясын қолдайтындықтарын айтты.

#NurOtanғаДауысБер

#BizBirgemiz

#JeńimpazBol

#Nur_Otan_Turkistan

#NurOtanMaktaaral

#Saylau2021

0
0
125

Осы тақырып бойынша

Мәжіліс үміткері атбасын тіреген тағы бір нысан – Жаңа жол - Yvision.kz