Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

"Канделаки тағы қуып жүр". Ресей терактіден кейін кімге соқтығарын білмей отыр

Мәскеудегі оқиғаға қатысты бір ғана сұрағым бар. Егерде дәл осы сәтке дейін (Мәскеу уақыты бойынша 22:40) «Крокус сити холл» әлі де террористтердің қолында болса, ғимаратқа бірде бір полиция не ФСБ өкілі әзірге кірмесе, онда олар дәл 40 адамның өлгенін қайдан біліп отыр? Ішке кірмей жатып ондай нақты ақпараттан хабардар болудың бір ғана жолы бар. Ол - терактыны өздері ұйымдастырып, өздері басқарып отырса ғана.



Тинаш Канделаки тағы қуып жүр. Бұл сылқымның не шегетінін білмеймін, бірақ кеше ол «Абай болыңдар, Ресейде терактлер болуы мүмкін, халық көп жиналатын жерлерден аулақ жүріңдер» деп ескерткен АҚШ пен Ұлыбританияны Мәскеудегі атысты ұйымдастырған солардың өздері емес екеніне кепілдік бар ма деп лағып отыр.. Неткен идиотизм десеңші. Осыдан кейін жақсылық жасап көр бұл нақұрыс елге. Ертең біздің екі қазақстандық жігітті 7 наурызда атып өлтірген ФСБ қызметкерлері террористік акцияны ұйымдастырған сол екі қазақтың сыбайластары деп жатса да таң қалмаймын.


Мұхтар Түменбайдың жазбалары

0
0
310

Осы тақырып бойынша

"Канделаки тағы қуып жүр". Ресей терактіден кейін... - Yvision.kz