Жаңа
Ауданымыздың ерікті жастары сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда.
Қиындықты еңсеріп, жетістікке бірге жетеміз!"Nur Otan" ға дауыс бер!
Жедел жәрдем көліктері табысталды
Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Қуаныш Дүйсенбиев канвассинг іс-шарасы аясында
Амангелді Қалдыбек Көксу ауданының Құрметті азаматы, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы. Ауданымызға көп жылдар бойы еңбегі сіңген ардагер. Өмір жолы осындай тағылымға толы қариямен кездесу үміткер үшін үлкен мәртебе болды. Ол кездесу барысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы мен мақсат-міндетін түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Ақсақал өз кезегінде үміткер Қуаныш Дүйсенбиевке ізгі тілектерін білдірді. Сонымен қатар алдағы сайлауда үміткерге ақ жол тілеп, батасын берді.
«Латын әліпбиі болашақтың бағдары»
Семинарға аудандық мектептердің мұғалімдері және кітапханашылар мен мектеп оқушылары «Zoom» бағдарламасы арқылы қатысты. Тренинг барысында латын әліпбиінің қазақ тілін дамытудағы маңыздылығы, өзектілігі жайы жан-жақты талқыланды. Онлайн шараға қатысушылар семинар соңында «Латын қарпіндегі басылымдар» яғни қазіргі кітаптар туралы өздерінің пікірлерін ортаға салып, латын графикасына көшу рухани жаңғыруымыздың жарқын бір көрінісі дей келіп, мұндай құндылықтардың болашақта өздерінің қажеттіліктеріне пайдалану мүмкіндіктері бар екенін ризашылықпен жеткізді.
Сыр журналистері пікір білдірді
Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаты, журналист Дана Нұржігітова қалам иегерлерімен кездесті. Шараға қатысушылар бүгінгі күнге тиесілі салаға бағытталған біршама мәселелерді ортаға салды.Жиында журналистер үшін ауқымды этика, жалақы мәселелерінен өзге тілшілер қауымының қоғамдағы орны турасындағы мәселелер қозғалды.Аталған кездесу аясында журналистер түрлі мәселелерден өзге шығармашылық бағытты ілгерілету бағытындағы ұсыныстарын жеткізді. Дана Нұржігіт пен кандидаттар Сыр журналистері көтерген түрлі тақырыптағы проблемаларды тыңдап, кездесу мақсатына орай сайлауалды бағдарламаны тілге тиек етті.- Тілшілер қауымы әркез ақпараттың шынайылығына мән беріп, оның жалған емес екендігіне көз жеткізулері тиіс. Билік пен халықтың арасындағы алтын көпірге айналған төртінші билік өкілдерінің қоғам…
Отандық өнімге сұраныс артпақ
Қаламыздағы «DALATEX» компаниясы бүгінде нарыққа отандық өнімді шығарып отырған бірден-бір компания. Отандық өнім өндіруді қолға алған компания қазіргі уақытта өз өнімін шет елдерге экспорттауда. Сыр өңірінің даңқын асқақтатып жүрген тігін фабрикасының өнімдеріне деген сұраныс күннен-күнге арта түсуде.Бүгін «DALATEX» еңбек ұжымымен Қызылорда қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Бейбиткул Каримова мен Дильмухаммед Абизов кездесті. Бұл кәсіпорын тігін өнеркәсібі саласындағы ірі ательелердің бірі. Үміткерлер өндіріліп жатқан өнімнің сапасын жоғары бағалады. «DALATEX» тігін шеберханасының мамандары кәсіпорын бүгінде мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын қолдау арқылы адамдарды еңбекпен, тұрақты жалақымен қамтып отырғанын жеткізді.Үміткерлер партияның 2021-2025 жылдарға арналған сайлауал…
"Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалында Маңғыстау облыстық маслихат депутаттығына
"Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалында Маңғыстау облыстық маслихат депутаттығына үміткерлер, өзім Л.Мендыгалиева және Н.Сәрсенбайдың сенімді өкілі Е.Бекмұратов, Жаңаөзен қаласынан облыстық маслихатқа үміткер Е.Утеевтің сенімді өкілі Қ.Телеғұс, Маңғыстау аудандық маслихатына депутаттыққа үміткер А.Байжан және «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Ордабаева, аудандық сайлауалды штаб мүшелері Қ.Исаев, Т.Қалдығұлов, Қ.Бабышев үгіт- насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында "Халық банк" АҚ бөлімшесінің және Маңғыстау аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының ( ЦОН) қызметкерлерімен кездесу өткіздік.Кездесуде үміткерлер партия ұсынып отырған сайлауалды бағдарламаның басты бағыттары туралы айтып, 10- қаңтарда болатын сайлауға қатысып, Nur Otan партиясына…
Маңғыстау аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Ешманов Жолдасбек Жұмабекұлы
Маңғыстау аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Ешманов Жолдасбек Жұмабекұлы "Жетібаймұнайгаз" өндірістік басқармасы ұжымымен кездесті. Кездесуде кандидат партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, алда келе жатқан саяси науқанға бір кісідей ат салысуға шақырды.