Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

Мұқаншы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Басқосуда партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, үміткерлер партияның алдағы уақытта атқаратын толымды істерін тілге тиек етті. Нақтырақ айтқанда, партияның сайлауалды бағдарламасында ауданды дамытудың 7 бағытын түсіндірді. Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үздіксіз жақсарту үшін жағдай жасау. Үміткерлер ауданның әрбір тұрғынының жайлы өмір сүруі, дамуы және өзін-өзі жүзеге асыруы үшін барлық мүмкіндіктерге ие болатын бақуатты қоғамды бірге құруға үгіттеді. Партиямен алда атқарылатын жұмыстар тізбегінен хабардар болған сала мамандары мен ауыл тұрғындары алдағы күнге сеніммен қарап, өз ризашылықтарын білдірді.

0
0
186

Осы тақырып бойынша

Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда - Yvision.kz