Жаңа
Ауыл тұрғындарымен пікірлесті
«Nur Otan» партиясы қалалық мәслихат депутаттығына қандидат Нұрсұлу Төлеубаева, кандидат Серік Макаровтың сенімді өкілі және қалалық сайлауалды штабы төрағасының орынбасары, партия ардагері Самат Рамазанов, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Тай, Қаражар, Төртүй ауылдарының тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында кандидаттар жиналған көпшілікті партияның ЕҚФ сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, сұрақтарына жауап берді.
Ауыл тұрғындары жол жөндеу, таза ауыз сумен қамтамасыз ету, жұмыспен қамту және өзге де сұрақтарды ортаға салып, партия алдағы уақытта да ауыл өңірін өркендетуді жалғастырса екен деп тіледі.
Айта өту керек, кездесу барлық санитарлық нормаларға сай өткізілді.
«Nur Otan» партиясы ЕҚФ сайлауалды штабының баспасөз қызметі.
Аудандық маслихат депутаттығына кандидат Тасшолақ ауылының тұрғындарының үйінде канвасинг өткізді.
Аудандық маслихат депутаттығына кандидат Ж.Багылбеков Тасшолақ ауылының тұрғындарының үйінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында канвасинг өткізді.


Облыстық маслихат депутаттығына кандидат зейнеткерлердің канвасинг өткізді.
Облыстық маслихат депутаттығына кандидат Ш.Мырзалиев зейнеткерлердің үйінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында канвасинг өткізді.


Аудандық маслихатқа кандидаттар сауда-орталықтарында Экспромт кездесу өткізді.
Аудандық маслихатқа кандидаттар Н.Базаркулов, Н.Быкыбаев үгіт-насихат жұмыстарын өткізу мақсатында сауда-орталықтарында Экспромт кездесу өткізді.



Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда
Мұқаншы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Басқосуда партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, үміткерлер партияның алдағы уақытта атқаратын толымды істерін тілге тиек етті. Нақтырақ айтқанда, партияның сайлауалды бағдарламасында ауданды дамытудың 7 бағытын түсіндірді. Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үздіксіз жақсарту үшін жағдай жасау. Үміткерлер ауданның әрбір тұрғынының жайлы өмір сүруі, дамуы және өзін-өзі жүзеге асыруы үшін барлық мүмкіндіктерге ие болатын бақуатты қоғамды бірге құруға үгіттеді. Партиямен алда атқарылатын жұмыстар тізбегінен хабардар болған сала мамандары мен ауыл тұрғындары алдағы күнге сеніммен қарап, өз ризашылықтарын білдірді.
Аудандық маслихат депутаттығына кандидат онлайн кездесу өткізді.
Аудандық маслихат депутаттығына кандидат А.Баймуратова білім саласы қызметкерлеріне үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында онлайн кездесу өткізді.



"Кандидатқа сұрақ қой "онлайн акциясы.
"Кандидатқа сұрақ қой "онлайн акциясы аясында аудандық мəслихат депупаттығына кандидат Б.Бабасов аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтардың сұрақтарына əлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирде жауап берді. Сайлауалды бағдарламаның негізгі тұстары бойынша өз ойларымен бөлісті.

