Ауыл тұрғындарымен пікірлесті
«Nur Otan» партиясы қалалық мәслихат депутаттығына қандидат Нұрсұлу Төлеубаева, кандидат Серік Макаровтың сенімді өкілі және қалалық сайлауалды штабы төрағасының орынбасары, партия ардагері Самат Рамазанов, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Тай, Қаражар, Төртүй ауылдарының тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында кандидаттар жиналған көпшілікті партияның ЕҚФ сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, сұрақтарына жауап берді.
Ауыл тұрғындары жол жөндеу, таза ауыз сумен қамтамасыз ету, жұмыспен қамту және өзге де сұрақтарды ортаға салып, партия алдағы уақытта да ауыл өңірін өркендетуді жалғастырса екен деп тіледі.
Айта өту керек, кездесу барлық санитарлық нормаларға сай өткізілді.
«Nur Otan» партиясы ЕҚФ сайлауалды штабының баспасөз қызметі.
