Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«Крокус» бойынша күдіктілер сот залына азапталған күйде әкелінді

Мәскеудегі Басман соты наурыздың 24-інен 25-іне қараған түні «Крокус Сити Холл» концерт залында 22 наурызда болған лаңкестік әрекетке қатысты ұсталғандарды қамауға алды.

undefined

Сот жабық жағдайда өтті. Күдіктілер - Далержон Мирзоев, Муродали Рачабализоде, Мухаммадсобир Файзов және Шамсидин Фаридуни.

Журналистер олардың сот залына ұрып-соғылған күйде әкелінгеніне назар аударып отыр.

«Мирзоевтің мойнында басына кигізген пластик пакеттің үзіктері қалған. Рачабализодені ұстау кезінде оның құлағын кесіп алған. Соттағы фотосуреттерде кесілген құлақ жағы көрсетілмейді. Судья екеуі де кінәсін мойындағанын мәлімдеді.  

Мирзоев Новосибирскіде тіркелген екен. Жасы 32-де. Үйленген. Төрт баласы, соның ішінде 1 жарым жасар егізі бар. Рачабализоде де үйленген. Бір баласы бар.     

Шамсидин Фаридуни сотта 25 жаста екенін, үйленгенін, Мәскеу түбіндегі «Крокус Сити Холл» орналасқан Красногор қаласында тұратынын айтқан. Паркет фабрикасында жұмыс істепті. Сегіз айлық баласы бар.

Тізерлеп отырғызып қойып жауап алып жатқан видеодағы осы Фаридуни болатын. Сол кезде ол адамдарды қырғаны үшін 500 мың рубль ұсынылғанын айтқан еді. Кейін оны токпен азаптап жатқан фотосурет тарады.

Төртінші айыпталушы – 19 жастағы Мухаммадсобир Файзов сот залына сырғытпа арбамен әкелінді. Жалаңаш денесіне медициналық халат кигізген. Оның астында несеп жинағыш байқалатындай. Ол жан сақтау бөлімінде жатқан. Сол жерде жауап алынған. Ұстау кезінде оның көзін шығарып жіберген. Қарумен қарсылық көрсеткені айтылды», – деп жазған Azattyq.org.  

0
0
237

Осы тақырып бойынша