«Есіктен есікке» акциясы аясында Тоғызтарау ауылында үй-үйді аралап, үгіт-насихат жұмыстары өтті
пост с фб
пост с фб
"Есіктен есікке" акциясының аясында түске дейін Теңге аулының Желтоқсан көшесіндегі бірнеше үйге кіріп шықтық. ТұрғындардыNur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, 10 қаңтарда партиямызға дауыс беруге үгіттедік. Бір сайлаушымыз Теңге аулына келетін маршруттық автобус мәселесін шешуді мәселе қылып көтерді. Бір ағамыз баласын өзінің зейнетке шыққан мекемесіне жұмысқа орналастыруды сұрады. Жалпы кездескен тұрғындар ағайын-тумаласты, көрші-көлемді сайлауға апаратындарын және партиямызға дауыс беретіндерін айтты. Әзірше қамтылған адам саны 24 адам.
Акцияны түс қайта сенімді өкілдерім жалғастырады. Өзім ҚазГӨЗ ұжымымен онлайн кездесу өткізем.
#NurOtan
Nur Otan Aktau
#edilzhangbyrshin


Түс мезгілі Жаңаөзен қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Асан ақсақалдың отбасына кіріп, амандастық.Nur Otan партиясының жүргізіп жатқан саясатын талқыладық. Ағамыз бен жеңегеміз шөбере көріп отырған ұлағатты ата мен әже. Ел ішінде өте абыройлы ардагер, бір жағынан бір рулы елдің басшысы. Асан ағамыз батасын беріп, бүкіл ағайынды 10 қаңтарда сайлауға жұмылдыратынын айтты.
Алдымызда жүрген ағаларымыз аман болсын!
#NurOtan
Nur Otan Aktau
#edilzhangbyrshin
пост с фб
Жаңаөзен қаласындағы Қазақ газ өңдеу ұжымымен онлайн кездесу өтті. Зауыт ұжымынаNur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы ақпарат берілді. Мұнайшыларды ұйымшылдықпен сайлауға келіп, партиямызға дауыс беруге үгіттедім!
Ел қазынасына үлес қосып отырған мұнайшыларымыздың еңбегі жемісті болғай!
#NurOtan
Nur Otan Aktau
#edilzhangbyrshin
пост с фб
Жаңаөзендегі іс-шаралардың соңында қаланың бірнеше кәсіпкерлерімен кездестім. Партия бағдарламасындағы әлеуметтік және экономикалық бағыттарды, азаматтық қоғамды дамыту жөнінде пікір алмастық. Жалпы партияны бағдарламасын іске асыруға 21 трлн теңге қарастырылған. Партия тарапынан шағын және орта бизнесті дамытуға қандай көмек болады?1. Мемлекеттің экономикадағы үлесі 14%-ке дейін қысқартылады, бизнес үшін кедергілер жойылып және бәсекелестікті дамыту арқылы шағын және орта бизнестің қызмет алаңы кеңейтіледі.2. Жеке бизнес ашу үшін 50 мың азаматқа, оның ішінде 42 мың ауыл азаматтарына жалпы сомасы 250 млрд. теңгеге шағын несиелер беріледі.3. Салық кодексіне салықтар мен төлемдер санын қысқарту, салықтарды есептеу тәртібін жеңілдету бөлігінде өзгерістер енгізіледі және басқа да шаралар іске…
пост с фб
пост с фб
Үгіт-насихат жұмысы Мұнайлы ауданының Маңғыстау селосында жалғасты.Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер Мусабаев Самат Базарбайұлы, облыс мәслихаты депутаттығына үміткер Абилова Ақбұрыш Қолғанатқызы, аудандық мәслихатқа үміткер Бимембетова Гулфайрус Асанқызы болып тұрғындармен кездестік. Партиямыздың сайлауалды бағдарламасын таныстырдық. Әр елде болып жатқан қиын жағдайларда айтылды. Елбасы басқарып отырған партияның жаңалануға бет бұрғандығын да атап өттік.Кездесу барысында бір қарындас Парламентте қазақ тілінің мәртебесін көтеруді аманат етсе, бір інішек "...зейнетақы қорынан азаматтар қаржысын алғанда салық төлеу дұрыс па?" деп сұрақ қойды.Елдің жастарының мемлекеттік маңызы бар, жоғары деңгейдегі мәселерді көтеруі қуантарлық жағдай. Бұл аманаттар болашақта жұмыстарымыздың ненізгі…