«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы туралы түсіндіру жұмыстары
Nur Otan партиясы атынан Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер есебінде, еңбек ардагері, Ақтау қаласының құрметті азаматы, қалалық мәслихаттың депутаты Ықылас Көшербайдың үйінде бір топ зиялы қауым өкілдерімен кездестім. Кездесуге 23 адам келді. 2021 жылы 10 қаңтар күні өтетін Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауы жөнінде және «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргіздім.
Кездесуде Толқын - 2 шағын аудан тұрғыны Жұматаева Несібелі Ақтау қаласын ыссы сумен қамтамасыз ету, «МАЭК-Казатомпром» ЖШС-нің жабдықтарын модернизациялау, құбырларды жаңарту, жаңа аудандарға арналған жылу электр орталығын салу, энергоресурстармен халықтың сұранысын қамту бағытында жұмыстармен айналысу қажет екендігін айтты. Көтерілген мәселелер бойынша техникалық және экономикалық тұрғысынан шешу жолдарын түсіндірдім. Бұл мәселелерді партия атынан жергілікті әкімдікке және Үкімет алдында қоятын боламыз!
#NurOtan
#edilzhangbyrshin

